Алаштың

«Алаштың Абайы – адамзат дана ойы» атты облыстық конференция

2019 жылғы 14 қараша күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Алаштың Абайы – адамзат дана ойы» атты облыстық конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ж.М. Қалиасқарованың жетекшілігімен С-11 тобының студенті Жунусбеков Дінмұхамед қатысып, «Зерттеудің өзектілігі үшін» номинациясымен марапатталды.

Біліктілікті

Біліктілікті арттыру курстарында

Біліктілікті арттыру – бұл қызметкерлерді кәсіби оқыту түрлерінің бірі. Тек жас мамандарға ғана емес, сондай-ақ үлкен жұмыс өтілі бар білім беру қызметкерлеріне де біліктілікті арттыру курстарына бару пайдалы және қажет. 2019 жылдың 28 қазаны мен 8 қарашасы аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылары Семей қаласында «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан…

Тоғызқұмалақ

«Тоғызқұмалақ» ойынынан облыстық жарыс

2019 жылдың 31 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша облыстық жарыс өтті. Жарыс мақсаты жастар арасында қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттау және тоғызқұмалақтан үздік ойыншыларды анықтау болды. Жарыста үздік ойын көрсетіп жеңіске жеткен студенттер мен білім ұйымдары жүлделі…

нашақорлық

Колледж оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу

31 қазан күні колледж студенттері нарколог дәрігері Т.В. Шиабушдиновамен Қазақстандағы нашақорлық мәселелеріне арналған кездесу өтті. Кездесу дөңгелек үстел түрінде өтті. Кездесу барысында дәрігер-нарколог қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Дөңгелек үстелді өткізу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, колледж оқушылары салауатты өмір салты, спортпен…

Өлкетану

«Өлкетану» мұражайынан жылжымалы көрме

2019 жылғы 31 қазан күні колледж студенттерінің назарына «Өлкетану» мұражайынан жылжымалы көрме ұсынылды. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жоғары дәрежелі маманы Толеубаева Анар Маратовна студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Облыстық

Облыстық семинар-практикум

30 қазан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-ның оқытушылары ШҚО ТжКБ жүйесінің  әдіскерлерінің ОӘБ жұмыс жоспары аясында «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-да «Кәсіптік оқыту жүйесінде білім беру бағдарламасының жаңартылған элементтерін пайдалану» тақырыбында облыстық семинар-практикумға қатысты.

Мекенжай

Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.  Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы…

КИБЕРСПОРТ

«КИБЕРСПОРТ» турнирі

Шәкәрім университетінің 85 жылдығына орай «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген «КИБЕРСПОРТ» турниріне белсенді қатысқаны үшін «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері алғыс хатпен марапатталды.

МАРАФОН

«МАРАФОН – 2019»

2019 жылдың 27 қазанында қаламызда алғаш рет «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты қайырылымдылық марафонына «Құрылыс колледжі» КМҚК әріптестері мен студенттері қатысып, 10 км қашықтықты жүгіріп өтіп, арнайы сертификат пен медальдармен марапатталды.