Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет

2024 жылы қазан айының 10-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да зорлық-зомбылық, кибербуллинг пен агрессияның алдын алу, жеке адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» атты құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды, білім алушылардың мінез-құлқының жақсаруына ықпал етуді, агрессивтілікті төмендету мен қиын…

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

2024 жылы қазан айының 4-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақындығы» атты «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара колледжіміздің директоры Тулеуов Қаныш Мақсұтұлының құттықтау сөзімен басталды. Колледж оқытушылары грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталып, гүл шоқтары табысталды. Концерттік номер колледжіміздің әнші студентінің…

Халықаралық қарттар күні

01.10.2024 ж. жатақхана тәрбиешілері Ж.Т. Макулжанова және Ж.А. Улыбаева «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай жатақхана студенттермен бірге «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кешін өткізді. Кездесуге колледжде қызмет атқаратын қарт қызметкерлер шақырылды. Іс-шара барысында қарттарымызға студенттер тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, қызықты әңгімелер айтылды, әсем әндер орындалды.

«Денсаулық фестивалі – 2024»

2024 жылы қыркүйек айының 23-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 1 курс студенттері арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Денсаулық фестивалі – 2024» спорттық сайысы өтті.

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша «Қыркүйек – еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» айында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК өткізілген іс-шаралар легі.

Тіл білгірі

05.09.2024 ж. «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі аясында 1 курс студенттерінің арасында «Тіл білгірі» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Адалдық сағаты

05.09.2024 ж. «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК колледж студенттерімен, оқытушылармен «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді. Адалдық сағаты барысында адалдық, адамгершілік, парасаттылық жайында дәріс оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне материалдар көрсетілді.

Дәріс сабақ

Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл толуына байланысты, Абай облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, ауған соғысының ардагері – Айдар Тортаевич Манасов колледж студенттеріне дәріс сабақ өткізді.