Open

«Open space» форматында кездесу

2019 жылдың 28 қарашасы күні «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары жастар қозғалысымен бірігіп «Open space» форматында кездесу өткізді. Колледждің белсенді студенттері сұрақ қоя отырып, қызықты идеяларымен бөлісті.

Бүгін

«Бүгін менің туған күнім, ой пәллі-ай» атты мерекелік ретро концерті

«Жастар жылы» жобасын қорытындылау мақсатында колледждің жас қызметкерлері «Бүгін менің туған күнім, ой пәллі-ай» атты мерекелік құттықтау концертін өткізді. Ретро стильде өткен концерт көпшіліктің көңілінен шықты.

Кәсіптік бағдар

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2019 жылдың 26 қарашасында «Құрылыс колледжі» КМҚК-ға Өскемен қаласының «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық универститінің» өкілдері келіп, колледждің бітіруші топтарына 2020-2021 оқу жылына арналған бағдарламалары мен, абитуриенттерге арналған  кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Студенттер сұрақтарын қойып, оқуға түсу үшін жеңілдіктер мен ерекше ұсыныстарын  біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Жас оқытушылар жетістігі

2019 жылдың ағымдағы айы бойы «Құрылыс колледжі» КМҚК жас оқытушылары түрлі сайыстарға қатысып жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтатын болсақ: Экономика пәнінің оқытушысы Омарова Назерке Манарбекқызының жетекшілігімен «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Пархоменко Агата Владимировна «Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастырылуымен 4-15 қараша күндері аралығында өткен Республикалық «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» конкурсына қатысып Бас жүлдені иеленді. Физика пәнінің…

Құрылыс-жол

«Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі апталығы

2019 жылғы қараша айының 25 – 29 аралығында «Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі апталығы өтуде. «Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі оқытушылары 25 және 28 қарашасы аралығында  студенттердің өздік жұмыстары мен курстық жоба көрмесін ұйымдастырды. Ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, сыныптан тыс сағаттарын өткізіп білім алмасып біліктіліктерін көрсетуде. Жекелей тоқталатын болсақ: 25 қараша күні студенттердің өздік жұмыстары мен курстық жоба көрмесін…

Жалпы

Жалпы колледжішілік жиналыс

2019 жылдың 22 қарашасы күні «Құрылыс колледжі» КМҚК әкімшілігі жалпы колледжішілік жиналыс өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Өрт қауіпсіздігін сақтау туралы; Террорлық іс-қимыл болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі туралы нұсқау және тағы басқа сұрақтар  қаралды.

Байсеиітов

Студенттердің Байсеиітов ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстуы

2019 жылдың 22 қарашасында «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері «Рухани жаңғыру» Жастар жылы және 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсанында «Қазақстан инновациялық дамуына қазіргі жастардың үлесі» тақырыбында өткізілген Облыстық студенттік Байсеиітов ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2019 жылы қарашаның 22-ші жұлдызында «Құрылыс колледжі» КМҚК  кәсіптік бағдар беру комиссиясының өкілдері Бесқарағай ауданы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Колледж бойынша 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдаудың бағдарламасы мен мамандықтары таныстырылды.

JASTAR

«JASTAR JALYNY 2019» студенттік жастар форумы

«Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан студенттері Альянсының ұйымдастыруымен өткен «JASTAR JALYNY 2019» студенттік жастар форумына Шығыс Қазақстан облыстық жастар ісі жөніндегі комитет басшылары, колледж атынан директордың ТІЖ орынбасары Хуанар А., ЖІК жетекшісі Мұратбекова А.Е.  мен студенттер қатысты.