«Шығыс Қазақстан облысындағы еріктілер мен азаматтық қоғам: диалог және ынтымақтастық»

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында «ШҚО ішкі саясат басқармасының қоғамдық пайдалы қызметке аймақтық еріктілерді тарту жобасын іске асыру»,  «Қазақстан халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, ШЖҚ КМК «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі, Семей қаласындағы » – мен бірлесе отырып конференция емес форматында сұхбат алаңын өткізді тақырыбы:…

«Әкімшілік-қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында алдын алу әңгімесі

2021 ж. 8 қыркүйегінде «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттерімен Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері арасында кездесу өтті. Дәрісті учаскелік инспектор  Мандиев Жанарбек Манарбекович, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі аға инспектор Кабдуллина Гульзана Касымжановна, жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Сыдык Шынгыс, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы Туспекова Индира Александровна оқыды. Студенттермен «Әкімшілік-қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында алдын алу әңгімесі…

1 қыркүйек – Білім күні

1 қыркүйек күні «Білім күніне» орай «Құрылыс колледжі» КМҚК-да санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-курс студенттеріне «Тәуелсіздік жетістіктері» атты салтанатты шара және 2, 3-курс студенттеріне кураторлық топ сағаттары өткізілді. Жаңа оқу жылында колледж ұжымы мен студенттеріне толағай табыстар тілейміз!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

12.04.2021 жылы ШҚО Кәсіптік бағдар беру орталығының ұйымдастырылуымен онлайн форматта кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Колледж өкілдері ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді. Талапкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Кәсіптік бағдар беру жұмысына 600-дей талапкер қатысты.

Облыстық қашықтықтан семинар

Колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ТжКБ жүйесі оқу орындары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Worldskills қозғалысының дамуы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында облыстық қашықтықтан семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – Worldskills чемпионаттарына дайындықты ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасу, Шығыс…