«Біргеміз» акциясы
2020 жылдың 30 қаңтар күні «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері «Жақсылық өзімізден басталады» деген ұранмен «Біргеміз» акциясына жұмыла кірісті. Студенттер колледж маңындағы аялдамалар мен жаяу жүргінші жолдарын тазалады.
2020 жылдың 30 қаңтар күні «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері «Жақсылық өзімізден басталады» деген ұранмен «Біргеміз» акциясына жұмыла кірісті. Студенттер колледж маңындағы аялдамалар мен жаяу жүргінші жолдарын тазалады.
Семей станциясындағы ЖПБ инспекторы, полиция лейтенанты Жарылғап Т.Б. «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Темір жол аймағы – қауіпті аймақ» атты тақырыбында студенттермен алдын алу әңгімесін жүргізді. Студенттер белсене қатысып, өзіне керекті ақпаратты алды.
2020 жылдың 23 қаңтар күні Мадиева Ләззат Ризабекқызы жасөспірімдерді лаңкестік және діни экстремистік бағытта араңдап қалмау мақсатынд «Терроризм – адамзаттың қасіреті» тақырыбында СТ-21 тобында ашық тәрбие сағатын өткізді. Әріптестер тәрбие сағатының өте жоғары дәрежеде өткендігін айтып тәжірибе алмасты.
2020 жылдың 21 қаңтарында «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары Семей қаласының №15 жалпы білім беретін орта мектебінде 9 сыныптар арасындағы өткен ата-аналар жиналысына қатысып кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
2020 жылдың 20-шы қантарында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыс мақсаты: қарым-қатынастар, жауапты мінез-құлық; репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру; қажетсіз жүктілік пен жыныстық жолдармен берілетін жұқпаларының алдын алуы; контрацепция отбасын жоспарлау және т.б. мәселелер талқыланды. Жиналыс «№6 Жанұялық емханадан» жалпы жанұялық дәрігерімен, Әуезов ПБ ЮПБ УПИ инспекторы…
2020 жылдың 14, 15 қантар күндері «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары қала мектептеріндегі ата-аналар жиналыстарына қатысып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Болашақ талапкерлердің ата-аналарына колледж бойынша 2020-2021 оқу жылына бекітілген мамандықтар туралы, құрылыс мамандығының ұтымды тұстары мен басқа да қажетті ақпараттар туралы мәлімет берді.
2020 жылдың 15 қантарында «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары Семей қаласының №43 жалпы білім беретін орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Болашақ талапкерлерге колледж және колледжде оқытылатын мамандықтар туралы, жеңілдіктер мен оқуға түсудің тәртіптері туралы ақпараттар берді.
2020 жылдың 13-ші қаңтарында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да педагогикалық кеңес өтті.
2020 жылдың 10 қаңтар күні «Құрылыс колледжі» КМҚК–ның өндірістік оқыту шеберлері «WORLDSKILLS халықаралық стандарттарын оқу үрдісіне енгізу» атты облыстық семинар-практикумға қатысты.