«Бабалар үні» ауызша журналы

2022 ж. қарашаның 7 күні С-21 тобымен (кураторы – Қалиасқарова Ж.М.) «Бабалар үні» ауызша журнал өткізілді. Журнал үш бөлімнен құралды. 1 бөлім: «Бабалар арманы». 2 бөлім: «Қазақстан Республикасының құндылықтары». 3 бөлім: «Сен білесің бе?» Оқушыларға слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды.

«Топтың үздік оқырманы» байқауы

2022 ж. 11 қарашада «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында С-12 тобымен (кураторы – Болатқызы Д.) «Топтың үздік оқырманы» атты конкурс өтті. Конкурс 8 турдан құралған болатын. Әр турда 8 сұрақ. Студенттер сұрақтарға жылдам жауап беріп, соңында үздік оқырман анықталды.

Дауыс беру басталды!

Талантты жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарын танымал ету мақсатында жыл сайын ұймдастырылатын «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсы жеңімпаздарын анықтайтын дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру қараша айының 1 мен 15 күні аралығында «Talap» КЕАҚ ресми сайтында (https://kasipkor.kz/prod/top100/index.php) өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»

2022 ж. қазанның 21 күні 11 ПГС тобымен (кураторы – Тоқтағазин Ұ.Б.) «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өтті. Студенттер Абайдың 17-ші қара сөзінен үзінді оқыды. Абайдың өмірі, шығармашылығы жайлы слайдтар көрсетілді.