Құрметті дипломмен марапаттау

Абай облысы білім басқармасының Құрылыс колледжі директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нургожанова Арай Серыкжановна Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінен «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен марапатталды. Кұрылыс колледжі ұжымы сізді марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды!

«Жұмыс берушілер күні»

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйекте «Құрылыс колледжі» КМҚК, Абай облысының білім басқармасымен және Кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Жұмыс берушілер күніне» арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты жұмыс берушілер мен кадрларды даярлау бойынша, одан әрі тиімді ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Кездесуге облыстың «Сәулетшілер одағы» Республикалық филиалының төрағасы қалалық мәслихаттың депутаты – Асхат Бакиров, «Семей Қола»…

Семей қалалық орталық кітапханасына саяхат

7 қыркүйек колледж оқытушылары Д. Болатқызы, А.Е. Серикказинаның жетекшілігімен С-22, М-21 оқу тобының білім алушылары қалалық орталық кітапханаға саяхат жасап, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері ұйымдастырған «Жаңа кітаптар шеруі» атты Ақпарат күніне қатысып қайтты. Білім алушылар әдеби кітаптардың жаңа легімен танысып, ұйымдастырылған кітап көрмесіне куә болды.

Профилактикалық әңгіме

08.09.2023 ж. Ауэзов ПБ ЖПКБ полиция лейтенанты Д. Сулейменова «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттер арасында «Назар аударыңыз, балалар!», «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар» қауіпсіздікті сақтау мақсатында профилактикалық әңгіме жұмыстарын жүргізді.

«Тіл білгірі» зияткерлік ойыны

2023 жылы қыркүйек айының 6-сы күні «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Құрылыс колледжі» КМҚК 1 курс студенттері арасында «Тіл білгірі» зиятркелік ойыны өтті. Ойын «Мен бір жұмбақ адаммын», «Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда», «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты 3 кезеңнен тұрды. Ойында «Ана тілі», «Жалын», «Language keepers» топтары өзара бақ сынасып, жүлделі…

«Тіл – болмыс тірегі» атты сыныптан тыс іс-шара

5 қыркүйекте «Құрылыс колледжі» КМҚК-да Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында А-21 тобы студенттерінің арасына ағылшын тілі пәні оқытушы А.Е. Серикказинаның ұйымдастыруымен «Тіл – болмыс тірегі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Білім алушылар қызығушылықпен қатысып, жақсы әсер алды.

Педагогикалық кеңес

01.09.2023 ж. «Құрылыс колледжі» КМКҚ-ында «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде: Колледждің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын қарау және бекіту: мамандықтар бойынша оқу процесінің, дуалды, кредиттік-модульдік жұмыс-оқу бағдарламаларын бекіту; 2023-2024 оқу жылында оқу жұмысын, оқу-өндірістік жұмысты, оқу-тәрбие жұмысын, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу; колледж ішілік бақылау…