«WorldSkills Shygys – 2019»

2019 жылдың 17-ші мамырында жұмысшы мамандықтар бойынша жастар арасында кәсіби шеберлік чемпионаты «WorldSkills Shygys – 2019» чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионат нәтижесі «Құрылыс колледжінің» мәртебесін тағы бір сатыға жоғарылатты. «Құрылыс колледжі» КМҚК чемпионатқа 6 студент бағын сынауға барса, оның 5-уі алтын және 1-уі күміс медальдарын қанжығаларына байлап қайтты. Жеңімпаздар диплом, медаль және қаржылай марапаттарға ие…

Отан

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай мерекелік іс-шара

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай 2019 жылғы 6 мамыр күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Колледж студенттері мен оқытушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды. №2098 әскери бөлімінен Отан қорғаушы қонақтар келіп, колледж қызметкерлеріне мақтау грамоталарын табыстап мерекенің көркін қыздырды.

Түлектер

Түлектер жұмыс тапты

  Облыстық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының ұйымдастыруымен Семейдегі құрылыс колледжінде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін-2050» бағдарламасы негізінде оқып жатқан колледж түлектеріне арналды. Айта кету керек, бүгінгі таңда облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде «Мәңгілік ел жастары -индустрияға», «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 507 студент білім алуда,…

Қалалық

Қалалық «Жас маман-2019» сайысы

Сәуір айының 30-жұлдызында қалалық «Жас маман-2019» сайысына «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы Қалиасқарова Ж.М. қатысып, «Бас жүлдені» иеленді. Барлығы 15 колледж ішінен «Құрылыс колледжі» КМҚК намысын қорғаған жас маман ІІІ турдан ең жоғарғы ұпай жинап, оқ бойы озық шығып, «Жас маман-2019» атағын иеленді.

Бос

«Бос орындар жәрмеңкесі»

2019 жылғы 29 сәуір күні «Серпін-2050» бағдарламасы аясында «Құрылыс колледжі» КМҚК «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық Білім Басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге жаздың маусым айында колледжді тәмамдайтын биылғы жылдың түлектері қатысты. Жәрмеңкенің ашылу салтанатын Семей қаласының әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы бастаса, қорытынды сөзді ШҚО Білім Басқармасының бас маманы Ильясова Гульмира Бейсембаевна сөйледі. Жәрмеңке…

Сырттай

Сырттай оқу бөлімі студенттерінің диплом жобаларын қорғауы

2019 жылдың 25 сәуірінде Семей қаласының «Құрылыс колледжі» КМҚК сырттай оқу бөлімі студенттері «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы, «техник-құрылысшы» біліктілігі және «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы, «техник-құрылысшы» біліктілігі бойынша дипломдық жобаларын қорғады. Семей қаласының құрылыс кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды мемлекеттік аттестаттау сәтті өтті деп айтуға болады.

Tarihi

«Tarіhi-mádeni eskertkishter tarihtan syr shertedi» атты ашық тәрбие сағаты

2019 жылғы 25 сәуір күні Ж.М. Қалиасқарованың жетекшілігімен 31 ПГС тобында Рухани жаңғыру – «Тәрбие және Білім» бағдарламасы негізінде «Tarіhi-mádeni eskertkishter tarihtan syr shertedi» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сәулет ескеркіштері арқылы студенттерді ұлтжандыққа тәрбиелеу және мамандыққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтілген тәрбие сағаты өз мақсатын жетті деп бағаланды.

Абай

Абай атындағы қалалық конкурс

2019 жылғы 24 сәуір күні Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы қалалық конкурс» өтті. Конкурсқа Ж.М. Қалиасқарованың жетекшілігімен колледж студенті Ыбыраева Мөлдір қатысып, үздіктердің қатырынан табылып, ынталандыру алғыс хаты және сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ Бозаева Ақмарал Төкенқызының жетекшілігімен Әбиева Ақнұр да қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

«Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесі

Қалалық №2 кітапхана ұжымы Жастар жылы аясында ұйымдастырған «Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесіне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері қатысып қайтты. Отырыста «Жас Отан» жастар қанатының ШҚО, Семей қаласы бөлімшесінің жетекшісі Айтмұқаш Алмас Виленұлы жастармен пікір алмасты. Студенттер өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып,  ойларын ортаға салды.