Облыстық қашықтықтан семинар

Колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ТжКБ жүйесі оқу орындары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Worldskills қозғалысының дамуы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында облыстық қашықтықтан семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – Worldskills чемпионаттарына дайындықты ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасу, Шығыс…

Толығырақ

Облыстық ашық сабақ

17.03.2021 ж. «Құрылыс колледжінде» КМҚК, «Құрылыс сызуы және сәулет графикасы» пәнінен 1 курс А-21 тобында облыстық деңгейде ашық сабақ өтті. Пән оқытушысы: Окасов Н.С. Сабақ барысында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды (мотивациялық кезең, постер құру, практикалық бөлім т.б). Топ оқушылары сабаққа белсене қатысып, оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Сабақ толық өз мақсатына жетіп, өте…

Толығырақ

«Шын жүректен алғыс айтамын» атты кітап көрмесі

Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні қарсаңында Құрылыс колледжі кітапханасында «Шын жүректен алғыс айтамын» атты кітап көрмесі өтті. Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Толығырақ

«2021 жылғы атаулы тұлғалар, атаулы күндер»

«2021 жылғы атаулы тұлғалар, атаулы күндер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қалиасқарова Жаңанұр Морякқызының жетекшілігімен «Жебе» пән үйірмесінің мүшелері қазақ әдебиетіне үлес қосқан ақын-жазушылардың мерейтойларына орай шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жатқа оқыды.

Толығырақ