Nur Otan

«Nur Otan» партия ұйымдарының басшыларына арналған семинар-тренинг

2019 жылғы 28-29 наурыз аралығында «Партия түсінігі туралы базалық мағлұматтар» модуль бойынша «Nur Otan» партия ұйымдарының басшыларына арналған «Партияны жаңғырту контексінде БПҰ қызметін жетілдіру» тақырыбында семинар-тренингті табысты аяқтағанын куәландыратын сертификатпен «Құрылыс колледжі» КМҚК директоры Тастекеев Кайрат Кулбаевич марапатталды.

Толығырақ
Шуақты

«Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы

2019 жылғы 27 наурыз күні қаламызда алғаш рет Жастар жылы аясында «Семей қаласының Ішкі саяст бөлімі» ММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауында, колледжімздің арнайы пән оқытушысы Смайлова Балнур Бауыржанқызы өз отбасымен қатысып, екі кезеңдік сайыста «Білімді отбасы» номинациясын жеңіп алды.

Толығырақ

«Шәкәрім барысы – 2019» атты қазақ күресінен облыстық турнир

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Жастар жылы» және «Халықаралық білім құрылтайы» аясында қазақ күресінен өткен «Шәкәрім барысы – 2019» атты облыстық турниріне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері Оксукпаев Алмас және Төребеков Нұртілек  қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Толығырақ

Таеквондодан ашық біріншілік

Қаракерей Қабанбай Батырды еске алуға арналған таеквондодан «Арыстан» кәсіпқой спорт клубының ашық біріншілігіне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Түсіпбеков Руслан қатысып 1 орынды қанжығасына байлап қайтты.

Толығырақ