Анталиядағы Туризм Академиясының өкілдерімен кездесу

13 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК қабырғасында Анталиядағы Туризм Академиясының ректоры Зафер Биккеноглу және Халықаралық серіктестік бойынша проректор Клавдия Жежеря мен кездесу өтті. Бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар берілді.

Толығырақ

Самбодан республикалық чемпионат

КСРО-ға және Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы Т.М. Досмұхамбетовтың 70 жас мерейтойына арналған, самбо күресінен 1999-2000 жылы туған жастар (ұлдар, қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 52 кг салмақ дәрежесінде «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Ахметбекова Жансая 2-ші орын иеленіп колледж мәртебесін асқақтатты.

Толығырақ

«Әйел – ана, әйел – ару, әйел – гүл»

Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында 2019 жылғы 7 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК мерекелік іс-шара атап өткізілді. Көктемнің шуақты күнінде көтеріңкі көңіл күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды көпшілік назарына ұсынып, колледж директоры көп балалы аналарға бағалы сыйлықтар табыстай отырып, қыз келіншектерді төл мерекелерімен құттықтады.

Толығырақ

Өмірге риза болып, Алғыс айт!

Алғыс айту күнімен «Құрылыс колледжі» КМҚК ұжымын колледждің жас қызметкерлері мен студенттері таңғы көтеріңкі көңіл күй сыйлап, смайликтер беріп, құттықтаулар жасады. Әр кезде де дидарларыңыздан күлкі кетпесін. Бірлескен ұжымның бірлігі жарассын.  Мүмкіндігінше жақсы сөз айтудан жалықпай, бір-бірімізден жан жылуымызды аямайық!

Толығырақ

«Ел ертеңі – білімді жастар» зияткерлік сайысы

26 ақпан күні Қазақстан инновациялық университетінің «Жастар жылы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, қалалық колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Ел ертеңі – білімді жастар» зияткерлік сайыс өткізілді. Экономика пәнінің мұғалімі Омарова Назерке Манарбековнаның жетекшілігімен «Құрылыс колледжі» КМКҚ студенттері жүлделі III орын иеленді. Сайыс жеңімпаздары мадақтамамен парапатталды. “Шабыт” командасын жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс және алдағы жеңістер тілейміз!

Толығырақ