«Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

09.12.2021 жылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.А. Исаева «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты М-11 тобының студенттерімен өткізілді.

Толығырақ

С-22 тобының мерекелік челленджі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында С-22 тобы «Құрылыс колледжінің» ұжымын және студенттерін құттықтап, 2 курс студенттеріне мерекелік челлендж жолдады. Топ жетекшісі: Абылкасимова Т.С.

Толығырақ

«Chocolate fever» (Тəттіге құмарлық) тақырыбында интеллектуалды сайыс

08.12.2021 жылы əлеуметтік-гуманитарлық пəндер бірлестігінің апталығы аясында шет тілі пəнінің оқытушылары Ж.М. Құрманғалиева мен А.Е. Серикказина «Chocolate fever» тақырыбында «Langberry», «English club» пəн үйірмелерінің мүшелерінің қатысуымен интеллектуалды сайыс өткізді. Студенттер шет тілінен білімдерін жоғары дəрежеде көрсете алды. Өткізілген іс-шара əріптестер тарапынан жоғары бағаланды.

Толығырақ

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара

07.12.2021 жылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында тарих пәнінің оқытушылары Н.Б. Балтабеков пен Д. Болатқызы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараға 11 ПГС және 12 ПГС топ студенттері қатысты. Әр топ 5 кезең бойынша білімдерін шыңдап, белсенділік көрсетіп, марапатталды. Сыныптан тыс іс-шара өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Толығырақ

С-11 тобының мерекелік челленджі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында С-11 тобы «Құрылыс колледжінің» ұжымын және студенттерін құттықтап, 1 курс студенттеріне мерекелік челлендж жолдады. Топ жетекшісі: Қалиасқарова Ж.М.

Толығырақ