мен

«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында көрме

2019 жылғы 15 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК психологы Мубаракова Д.С. ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында колледжішілік студенттер арасында шығармашылық көрме өткізілді. Көрмеге ат салысып, белсене қатысқан топтарға  алғыс хаттар берілді.

Толығырақ

Ұлттық ойындардың ашық көрсетілімі

Ағымдағы айдың 15-ші жұлдызында «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері арасында ұлттық ойындардың ашық көрсетілімі өтті. Қазақша күрес әдістері жас буынға кеңінен түсіндіріліп, үйретілді. Атадан мұра боп қалған ұлттық ойындарымызды ұрпақтан ұрпаққа боямасын жеткізу біздің парызымыз!

Толығырақ

«Мұқағали Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда поэмасы» тақырыбында облыстық онлайн ашық сабақ

2019 жылғы 15 наурыз күні колледж оқытушысы Ж.М. Қалиасқарованың қазақ әдебиеті пәнінен «Мұқағали Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда поэмасы» тақырыбында С-12 тобымен  облыстық онлайн ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледж директоры, орынбасары, әдіскер, бірлестік жетекшілері,  колледж оқытушылары және облыстың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушылары қатысты. Сабақты талдау нәтижесінде бір ауыздан…

Толығырақ

Республикалық семинар-тренинг

Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жастар рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында өткен республикалық семинар-тренинг конференциясына «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері қатысып қайтты.

Толығырақ

Анталиядағы Туризм Академиясының өкілдерімен кездесу

13 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК қабырғасында Анталиядағы Туризм Академиясының ректоры Зафер Биккеноглу және Халықаралық серіктестік бойынша проректор Клавдия Жежеря мен кездесу өтті. Бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар берілді.

Толығырақ