«Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесі

Қалалық №2 кітапхана ұжымы Жастар жылы аясында ұйымдастырған «Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесіне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері қатысып қайтты. Отырыста «Жас Отан» жастар қанатының ШҚО, Семей қаласы бөлімшесінің жетекшісі Айтмұқаш Алмас Виленұлы жастармен пікір алмасты. Студенттер өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып,  ойларын ортаға салды.

Толығырақ
Үздік

«Үздік жастар театры-2019» қалалық байқауы

Жастар жылы аясында, студенттердің  шығармашылық бастамаларын қолдау  мақсатында «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» және «Жастар және балалар ұйымдарының ШҚО Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиялының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 21-ші сәуірінде қалалық мәдениет  үйінде «Үздік жастар театры-2019» қалалық байқауы  өтті. Байқауға іріктеуден өткен 9 жоғары және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан театрлары қатысып, бақтарын…

Толығырақ
Наурыз

«Наурыз» мерекесі

2019 жылғы 19 сәуір күні «Құрылыс колледжі» КМҚК ұжымы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Ұжым мүшелері ауылдарға бөлініп, мерекелік дастархан жайып, өз өнерлерін көрсетті. Белсенділік танытып іс шараға ат салысқандары үшін ауыл тұрғындарына мадақтамалар мен сыйлықтар берілді.

Толығырақ
Интерактивті

Интерактивті онлайн-сабақ

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде “Құрылыс колледжі” КМҚК-да математика пәнінен “Жазықтықтағы және кеңістіктегі векторларға амалдар қолдану” тақырыбында оқытушы Молдаханова Сандугаш Алпысбаевна жетекшілігімен кезекті интерактивті онлайн-сабақ өткізілді. Сабақ С-13 тобында “Дәнекерлеу ісі” мамандығы бойынша білім алушылар арасында өтті. Сабақ білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, әдістемелік жағынан сауатты құрылды, әртүрлі педагогикалық технологиялар мен тәсілдер қолданылды, мысалы “Бағдаршам”,…

Толығырақ

«Ашық есік күні»

2019 ж. 16 сәуір күні колледжде «Ашық есік күні» ісшарасы өтті. Қаладағы әрбір мектептен оқушылар мен ұстаздар қатысты. Бағдарлама барысында колледж директоры К.К. Тастекеев болашақ жас мамандарға сәттілік тілеп, білім ордасының жетістіктері туралы баяндап берді. Студенттердің өз қолдарымен жасалған түрлі бұйымдардан көрме ұйымдастырылып, тренинг сабақтар, әртүрлі қызықты ойындар, ашық есік күніне арналған салтанатты концерт тамашалап,…

Толығырақ