Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Толығырақ
Кәсіптік

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2019 жылғы мамыр айының 20 – 22 жұлдызы аралығында колледжіміздің Жастар ұйымының жетекшісі Мұратбекова Айзат Еркінқызы кəсіптік бағдар беру мақсатында Зайсан қаласы М. Дәуленов, М. Әуезов, Ғ. Мустафин, М. Ломоносов, Ю. Гагарин атындағы орта мектептердің əкімшілігімен келісіп, 9 жəне 11 бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Және аталмыш ауданға қарасты Жарсу, Кеңсай, Айнабұлақ орта мектептер түлектеріне де…

Толығырақ

«WorldSkills Shygys – 2019»

2019 жылдың 17-ші мамырында жұмысшы мамандықтар бойынша жастар арасында кәсіби шеберлік чемпионаты «WorldSkills Shygys – 2019» чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионат нәтижесі «Құрылыс колледжінің» мәртебесін тағы бір сатыға жоғарылатты. «Құрылыс колледжі» КМҚК чемпионатқа 6 студент бағын сынауға барса, оның 5-уі алтын және 1-уі күміс медальдарын қанжығаларына байлап қайтты. Жеңімпаздар диплом, медаль және қаржылай марапаттарға ие…

Толығырақ
Отан

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай мерекелік іс-шара

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай 2019 жылғы 6 мамыр күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Колледж студенттері мен оқытушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды. №2098 әскери бөлімінен Отан қорғаушы қонақтар келіп, колледж қызметкерлеріне мақтау грамоталарын табыстап мерекенің көркін қыздырды.

Толығырақ