Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет

2024 жылы қазан айының 10-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да зорлық-зомбылық, кибербуллинг пен агрессияның алдын алу, жеке адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» атты құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды, білім алушылардың мінез-құлқының жақсаруына ықпал етуді, агрессивтілікті төмендету мен қиын…

Толығырақ

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

2024 жылы қазан айының 4-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақындығы» атты «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара колледжіміздің директоры Тулеуов Қаныш Мақсұтұлының құттықтау сөзімен басталды. Колледж оқытушылары грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталып, гүл шоқтары табысталды. Концерттік номер колледжіміздің әнші студентінің…

Толығырақ

Халықаралық қарттар күні

01.10.2024 ж. жатақхана тәрбиешілері Ж.Т. Макулжанова және Ж.А. Улыбаева «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай жатақхана студенттермен бірге «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кешін өткізді. Кездесуге колледжде қызмет атқаратын қарт қызметкерлер шақырылды. Іс-шара барысында қарттарымызға студенттер тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, қызықты әңгімелер айтылды, әсем әндер орындалды.

Толығырақ