«Жұмыс берушілер күні»

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйекте «Құрылыс колледжі» КМҚК, Абай облысының білім басқармасымен және Кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Жұмыс берушілер күніне» арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты жұмыс берушілер мен кадрларды даярлау бойынша, одан әрі тиімді ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Кездесуге облыстың «Сәулетшілер одағы» Республикалық филиалының төрағасы қалалық мәслихаттың депутаты – Асхат Бакиров, «Семей Қола»…

Толығырақ

Семей қалалық орталық кітапханасына саяхат

7 қыркүйек колледж оқытушылары Д. Болатқызы, А.Е. Серикказинаның жетекшілігімен С-22, М-21 оқу тобының білім алушылары қалалық орталық кітапханаға саяхат жасап, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері ұйымдастырған «Жаңа кітаптар шеруі» атты Ақпарат күніне қатысып қайтты. Білім алушылар әдеби кітаптардың жаңа легімен танысып, ұйымдастырылған кітап көрмесіне куә болды.

Толығырақ

Профилактикалық әңгіме

08.09.2023 ж. Ауэзов ПБ ЖПКБ полиция лейтенанты Д. Сулейменова «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттер арасында «Назар аударыңыз, балалар!», «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар» қауіпсіздікті сақтау мақсатында профилактикалық әңгіме жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ

«Тіл білгірі» зияткерлік ойыны

2023 жылы қыркүйек айының 6-сы күні «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Құрылыс колледжі» КМҚК 1 курс студенттері арасында «Тіл білгірі» зиятркелік ойыны өтті. Ойын «Мен бір жұмбақ адаммын», «Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда», «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты 3 кезеңнен тұрды. Ойында «Ана тілі», «Жалын», «Language keepers» топтары өзара бақ сынасып, жүлделі…

Толығырақ

«Тіл – болмыс тірегі» атты сыныптан тыс іс-шара

5 қыркүйекте «Құрылыс колледжі» КМҚК-да Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында А-21 тобы студенттерінің арасына ағылшын тілі пәні оқытушы А.Е. Серикказинаның ұйымдастыруымен «Тіл – болмыс тірегі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Білім алушылар қызығушылықпен қатысып, жақсы әсер алды.

Толығырақ