Оқытушы жетістігі

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы «Инновациялық педагогикалық технологиялар білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде тілдерді оқыту сапасын арттыру құралы ретінде» облыстық Ы. Алтынсарын педагогикалық оқуларында ІІІ орын иеленіп дипломмен марапатталды.

Семинар-практикум

31.03.2022 жылы «Құрылыс колледжі» КМҚК жас педагогтер мектебі жоспары аясында «Педагогтердің кәсіби және тұлғалық өсуі» тақырыбында тренинг элементтерімен семинар-практикум өтті. Семинара-практикум мақсаты: жеке ресурстарды жұмылдыру арқылы табысты мұғалімнің ішкі ұстанымын қалыптастыру. Жас мамандарға ішкі тұрақтылық пен өзіне сенімділік алуға көмек көрсету; Педагогтердің өздерінің жеке және кәсіби ерекшеліктерін білуі; https://www.instagram.com/semey_kurylys_collegi/

Республикалық конференция

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Құрылыс колледжі» КМҚК инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп, 2022 жылғы 25 наурызда «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясын өткізді. Конференция мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын дамыту және нығайту. Конференцияға Павлодар…