«Жасыл Ел» еңбек жасағы

Қайырлы күн, достар! «Жасыл Ел» еңбек жасағы 1 мамырдан бастап өз жұмысын бастамақ! «Жасыл Ел» еңбек жасағына кімдер жұмысқа орналаса алады? 16 мен 29 жас аралығындағы барлық жастарды қамтиды. 18 жасқа толмаған жастар 7,2 сағат 18 жасқа толған жастар 8 сағат жұмыс атқаратын болады. Әрбір «Жасыл ел» сарбазына әлеуметтік жобаны қаржыландыру есебінен еңбекақы (95 394…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары Д. Болатқызы және Ж.М. Қалиасқарова сәуір айының 12 күні Абай ауданы және оған қарасты ауылдарға кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Бірнеше мектептерге барып, бітіруші сыныптарға қазіргі заман нарығына сай мамандықтар туралы түсіндіріп, тегін грантқа білім алуға шақырды.

Алғыс

«Құрылыс колледжі» КМҚК қызметкеріне Наурыз мейрамын тойлауға ат салысып сапалы қызмет – көмек көрсеткені үшін ШҚО колледждерінің директорлар кеңесі алғыс білдірді.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК-да өткен техникалық бейіндегі ТЖКБ ұйымдары үшін республикалық қатысумен «ТЖКБ жүйесіндегі инновациялық тәсілдер және BIM – технологияларды интеграциялау» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Тазалық – денсаулық кепілі

«Құрылыс колледжі» КМҚК қызметкерлері мен студенттері колледж маңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, сырлау, ақтау жұмыстарын жасады. Қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдырайық.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы С. Баймункин сәуір айының 4-7 аралығында Аягөз қаласына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектептерге барып 9-11 сынып оқушыларына қазіргі заман нарығына сай мамандықтар туралы түсіндіріп, тегін оқып, білім алуға шақырды.

Республикалық конференция қатысушыларының сертификаттары

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Құрылыс колледжі» КМҚК инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп өткізген «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясы қатысушыларының сертификаттары.