«Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат»

Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін орта мектептің білім алушыларына арналған «Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат» чемпионатында «Мансапқорлар» пьесасынан көрініс көрсетіп, «Жас актер» номинациясымен 204 ТК тобының студенті Сләмбек Қуаныш марапатталды.

Шеберлік сабағы

2024 жылы наурыз айының 12-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары мен шеберлері Семей қаласының «№48 ЖОББМ» КММ-нің 9 «А» сынып оқушыларына дәнекерлеу және әрлеу жұмысы бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Оқушылар шеберлік сабағы барысында әрлеу жұмыстарында қолданылатын құралдармен, сәндеу әдістерімен танысып, дәнекерлеу жұмысы бойынша тұрмыста жиі қолданылатын «Қалақша» құралын қолдан жасады. Колледжде…

«Каждый важен»

2024 жылы наурыз айының 14-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да зорлық-зомбылық, кибербуллинг пен агрессияның алдын алу, жеке адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Каждый важен» іс-шарасы өтті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс жасауды, білім алушылардың мінез-құлқының жақсаруына ықпал етуді, агрессивтілікті төмендету мен қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауда бағыт-бағдар беруді міндет еткен бүгінгі…

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»

Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады. «Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы…

Ашық сабақ

2024 жылы 12 наурызда С-12 тобында жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында математика пәнінің оқытушысы Бодиева Әйгерім Талғатқызы «Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді. Түзу мен жазықтықтың паралельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шешу кезінде қолдану мақсатымен өткізілген ашық сабақ сәтті өтті. Ашық сабақ ойын және…