Құзыреттілік орталығында әлеуметтік серіктестермен кездесу

2022 жылғы 11 наурызда «Құрылыс колледжі» КМҚК-ның «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша, сондай-ақ қамқорлық туралы меморандум жоспары бойынша әлеуметтік серіктестермен одан әрі ынтымақтастық жасау үшін құрылыс саласы бойынша жаңа жабдықтармен танысу мақсатында кездесу өтті.

«Дін және жастар» тақырыбында кездесу

2022 ж. 10-наурызда Дін мәселелер зерттеу орталығының психологі Сембаева Арайлым мен теолог Тұрсынғалиев Қанат Мұратбекұлы студенттермен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында психолог дәстүрлі және дәстүрлі емес дін және т.б. діни жолдар туралы түсіндіріп өтті. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына жауаптарын алды.

«Аяулы, асыл жандар» мерекелік кеші

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне колледжімізде 5 наурыз күні «Аяулы, асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште колледж директоры К.К. Тастекеев құттықтау сөз сөйлеп, қала әкімінің марапаттарын табыстады.

Оқу-өндірістік оқыту сапасының мониторингі

Мониторинг качества учебно-производственного обучения по группам С-22, М-21  Данный мониторинг позволяет получить: объективную динамику образования обучающихся группы за определенный период обучения; возможность постоянно корректировать свою работу, исходя из анализа мониторинга; возможность знать и влиять на сильные и слабые стороны обучающегося и группы в целом;  систематический контроль над качеством знаний, полученных обучающимися с учетом индивидуальных возможностей…

«My pro» мамандықтар фестивалі

«Құрылыс колледжі» КМҚК-да бір апта бойы «My pro» мамандықтар фестивалі өтті. Бұл фестивальға қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Болашақ талапкерлер колледж шеберханаларна саяхат жасап, жаңа заман талабына сай құрылыс саласына қажетті заманауи технологиямен оқытуға қолданылатын жабдықтармен танысты. Қызығушылық білдірген оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, оқуға деген тілектерін білдірді.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шара

КМҚК «Құрылыс колледжі» мекемесінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында АӘД пәні оқытушысы Имангалиев К.К. 1-курс студенттеріне газтұтқыштарды киюді үйретті, дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған бейнероликтер көрсетті.