«WorldSkills Abai – 2023»

Жастар және оқушылар шығармашылық сарайында WorldSkills Abai бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. «WorldSkills Abai – 2023» өңірлік чемпионаты жұмысшы мамандықтарды танымал етуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады. «WorldSkills» қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамыту. Облысымызда «WorldSkills» қозғалысының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оған дәлел…

«Педагогикалық идеялар фестивалі – 2023» колледжішілік конкурсы

«Құрылыс колледжі» КМҚК-ында 13-ші сәуір 2023 жылы педагогтердің кәсіби деңгейін үздіксіз арттыруға ықпал ететін және «ТжКБ Consult» инновациялық жобасын іске асыруға қолайлы, ғылыми-әдістемелік орта құру негізінде, педагог қызметкерлер мен оқу өндірістік шеберлерінің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2023» колледжішілік конкурсы болды.  …

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы сәуір айының 11-і күні Семей қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Құрметті талапкерлер! Біздің оқу ордамыздың білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие. Сізді білім, ғылым және шығармашылық әлеміне шақырамыз!

Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру менеджментін трансформациялау және білім алушылар   мен педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруда жаңа технологиялардың алатын орны ерекше. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы педагог-сарапшы Серикказина Арайлым Ербосыновнаның CASE Study әдісіне негізделген сабағы.