14 наурыз – Көрісу күні
Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл – көненің желісі еді. «Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп, Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп. Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп, Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.