Студент жетістігі

Колледжіміздің 1 курс студенті М.Ш. Манарбек Семей қаласында өткен Қыдырманов Ермек Касеновичті еске алуына байланысты ұйымдастырылған колледждер арасындағы АК-74 автоматын жинау әскери-спорттық жарыста 3-орын алып мадақтамамен марапатталды, жетекшісі К.К. Имангалиевқа Алғыс хат берілді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 15-16 сәуір аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары және ө\о шеберлері Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде өткен «Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып ТжКББ білім беру бағдарламаларын трансформациялау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып мақала жариялағандары туралы куәлікке ие болды.

Облыстық ашық сабақ

Бүгін «Құрылыс колледжінде» КМҚК, «Физика» пәнінен 1 курс 11 ПГС тобында облыстық ашық сабақ өтті. Пән оқытушысы: Такенова И.Т. Сабақ толық өз мақсатына жетті. Сабаққа қатысқан басқа колледж оқытушылары өз пікірлерін ZOOM платформасында бөлісіп, сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.