Республикалық конференция

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Құрылыс колледжі» КМҚК инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп, 2022 жылғы 25 наурызда «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясын өткізді. Конференция мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын дамыту және нығайту. Конференцияға Павлодар…

Педагогтердің біліктілік арттыру курстары

2022 жылдың 31 қаңтар – 11 ақпан аралығында колледж педагогтері Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша курстарынан өтті.

«Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік іс-шарасы

Құрылыс колледжінің жатақханасында 22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ұлттық ойындарды ойнап, жатақхананың студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Колледжішілік ашық тәрбие сағаты

2022 жылдың 17 наурызында жалпы пәндер бірлестігі апталығында оқытушы А.С. Балыкбаева «Адам өміріндегі табиғи және жасанды тамақ» тақырыбында 21 ДС тобымен колледжішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел (дискуссия) түрінде өткізілді. Осы ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Оқытушы жаңа ақпаратты-компьютерлік технологияларды пайдаланды. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Актуалды тақырып…

Сыныптан тыс іс-шара

2022 жылдың 16 наурызында жалпы пәндер бірлестігі апталығында химия пәнінен А.С. Балыкбаева «Химия әлемінде» тақырыбында 1 курс студенттерімен колледжішілік сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сайыс 4 турдан тұрды: «Викторина», «Өз ойыным», «Химиялық эстафета», «Полиглот». Интеллектуалды сайыс жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Оқытушы жаңа ақпаратты-компьютерлік технологияларды пайдаланды.