Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ

2019 жылдың 10 желтоқсаны күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.М.Қалиасқарова қазақ әдебиеті пәнінен «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы «Көкшетау» поэмасы» тақырыбында С-21 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ өз мақсатына жетіп, өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Сабаққа 17 оқытушы қатысып, тәжірибе алмасты.

Әлеуметтік-гуманитарлық

«Әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер бірлестігі апталығы

2019 жылдың 9 желтоқсанында ҚР тәулсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары мен студенттеріне арналған тақырыптық лездеме өтті. Лездемеде колледж директоры Тастекеев К.К. құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық пән бірлестігінің оқытушылары дайындаған еліміздің Тәуелсіздігі туралы мәліметтер беріліп, осы мереке аясында 9-13 желтоқсан аралығында ӘГПБ апталығы өтетіндігін хабарлады. Апталық жоспары бойынша: ашық сабақтар,…

Қалалық волонтёрлер

Қалалық волонтёрлер кездесуі

Халықаралық еріктілер күніне орай 5 желтоқсан күні «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Исток» ҚБ және қалалық достық үйінің ұйымдастыруымен волонтёрлер кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда волонтерлік бірлестіктердің қызметін көрсету және еріктілер тобын ұлықтау болып табылады. Шараға Семей қаласының жастар ресурстық орталығының маманы, «Лига добра» ҚҚ жетекшісі Е.…

Қалалық волонтёрлер

«БІРГЕМІЗ» облыстық еріктілер кездесуі

2019 жылдың 5 желтоқсаныңда «Құрылыс колледжі» КМҚК еріктілері Өскемен қаласында өткен ШҚО ЖОО мен колледждер арасындағы «БІРГЕМІЗ» еріктілер қозғалысына қатысып он үздік колледждер қатарына енді. ШҚО Білім басқармасы басшысы С. Жумадилова «Құрылыс колледжі» КМҚК еріктілерін дипломмен марапаттады.

Колледжішілік

Колледжішілік «ЖАЙДАРМАН» ойыны

Колледж әкімшілігінің қолдаумен 4 желтоқсан күні ЖІК жетекшісі А.Е.Мұратбекова және көркемдік жетекші Д.Ж.Жұмабекованың ұйымдастырумен колледжішілік «Жастарды жарыстырған жақсылық» атты тақырыбында «ЖАЙДАРМАН» ойыны өтті.

ТҰҢҒЫШ

«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЖАЙЫПТАРДЫҢ АВТОРЫ» атты жалпы республикалық сабақ

2019 жылдың 29 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЖАЙЫПТАРДЫҢ АВТОРЫ» атты жалпы республикалық сабақ аясында кездесу өткізілді. Шараға Семей қаласының Жастар ресурыстық орталығының директоры О.А. Соғымбай келіп студенттерге ақпарат берді. Әр топта бірыңғай сабақ өткізілді. Колледж кітапханасында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.…

Шығыс

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің женімпаздарды құттықтауы

Тұңғыш Президент күні қарсанында «Құрылыс колледжі» КМҚК-нің «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты женімпаздарын және жетекшілерін Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы Өскемен қаласында облыс әкімі сыйлықтарымен марапаттап құттықтады.

Open

«Open space» форматында кездесу

2019 жылдың 28 қарашасы күні «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары жастар қозғалысымен бірігіп «Open space» форматында кездесу өткізді. Колледждің белсенді студенттері сұрақ қоя отырып, қызықты идеяларымен бөлісті.

Бүгін

«Бүгін менің туған күнім, ой пәллі-ай» атты мерекелік ретро концерті

«Жастар жылы» жобасын қорытындылау мақсатында колледждің жас қызметкерлері «Бүгін менің туған күнім, ой пәллі-ай» атты мерекелік құттықтау концертін өткізді. Ретро стильде өткен концерт көпшіліктің көңілінен шықты.