Нысандарға бару

Студенттердің жұмыс орындарын, мамандығы бойынша жұмысын, тұрмыстық жағдайларын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, күнделіктер мен есептілікті жүргізуді тексеру мақсатында «Фирма «Азия» ЖШС ТҚБ зауыты филиалы және «Семей механикалық зауыты» ЖШС насандарына бару ұйымдастырылды. Бұл нысандарда С-33 «Бетоншы-арматуршы», С-22 «Электргазымен дәнекерлеуші», 21 ДС «Жол жұмысшысы» топтары жұмыс істейді. Кәсіпорындар тарапынан ескертулер жоқ. С-22 тобының студенттері – Қозыбаев С.…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы Н.Б. Балтабеков мамыр айында Абай облысы, Абай ауданы, Саржал және Знаменка ауылының орта білім беретін мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, 9 және 11 сыныптан кейін кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша талапкерлерді тегін оқуға қабылдайтыны туралы ақпарат берді. Тас қалау, әрлеу, слесарь-сантехник, дәнекерлеу ісіне арналған шеберханалар озық заманауи технологиямен жабдықталған станоктармен…

Біздің заманымыздың батыры!

Қалалық әкімдікте Құрылыс колледжінің студенті Данил Кондратенконың салтанатты марапаттау рәсімі өтті, ол 1 мамырда Ертісте оқыс оқиға болып, суға батып бара жатқан баланы құтқарды. Жас батырды онлайн режимде ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули құттықтады.

Колледжшілік конференция

«Құрылыс колледжі» КМҚК-да оқытушылар арасында Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Т.Ж. Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Қазақтын текті қыраны – Талғат Бигелдинов» тақырыбындағы колледжшілік конференция өтті.

Оқу-өндірістік оқыту сапасының мониторингі

Мониторинг әдетте болып жатқан процесті үздіксіз бақылауға бағытталған. Мониторинг жүргізуге үлкен мән беріледі, өйткені оны жүргізу нәтижелері белгіленген нормативтер мен талаптардың сақталуын немесе бұзушылықтарды анықтауды көрсетеді. Мониторинг деректері жобаны одан әрі іске асыру барысында, сондай-ақ оқытудың аралық нәтижелерін, қабылданған рәсімдерге сәйкестігін қадағалау үшін пайдаланылады.