Кәсіпкерлік

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасы аясында кездесу

2019 жылғы 17 қазан күні Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасы аясында, «Құрылыс колледжі» КМҚК білім беру мекемесінде 2, 3 курс студенттері мен ЖШС «ТурМерСтрой» компаниясының директоры Тураров Мерхат Елюбаевич және ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалының адами капиталын және әлеуметтік серіктестігін дамыту жөніндегі маманы Люи Александр Владимирович кездесті.

Тоғызқұмалақ

«Тоғызқұмалақ» ойынынан жарыс

2019 жылдың 9 мен 10 қазан аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да колледж студенттері арасында «Тоғызқұмалақ» ойынынан жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын  насихаттап, қазақтың ұлттық ойын түрлерін дәріптеу. Іс-шараны ұйымдасытрушы, дене шынықтыру пәні оқытушылары әр студенттің ойынын тамашалап, бақылап жақсы нәтижеге қол жеткізген үздіктерді анықтады.

Ұстаз

«Ұстаз – ақылшым, Қарт – қазынам» атты мерекелік іс-шарасы

Қазан айының 3 күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Құрылыс-жол» пән бірлестігі ұстаздары мен қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Ұстаз – ақылшым, Қарт – қазынам» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Кешке ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, ұстаздар қауымы, колледж студенттері қатысты.

Тіл

«Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбындағы іс-шара

2019 жылғы 5 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбындағы 1 курс студенттері арасында іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты: студенттердің Қазақстан халықтары тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, елімізде тұратын халықтарының тілдеріне құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.

Саналы

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мерекелік шара

1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мерекелік шара өтті. Мерекеге ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру басқармасының бас маманы Ильясова Гульмира Бейсембаевна және колледждің ардагер ұстаздары К.А. Тоқжігітов пен Е.Ж. Жумагулов қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Шара «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағатымен  жалғасын тапты.

“Бейбітшілік акциясы”

“Неведа-Семей” антиядролық қозғалысының құрылғанына биыл 30 жыл. Осыған орай Семейдің Бейбітшілік аралығындағы “Өлімнен де күшті” монументі орналасқан аралда дәстүрлі “Бейбітшілік акциясы” өтті. “Құрылыс колледжі” КМҚК қызметкерлері де көппен бірге шараға қатысып қайтты.