Психологиялық тренинг

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМКК педагог-психологы А. Алтайқызының ұйымдастыруымен «Педагогтер арасында эмоционалдық күйзелудің алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: мұғалімдердің эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, күйзелістің алдын алу жолдарын үйрету және ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектесу. Шара барысында түрлі психологиялық жаттығулар, ой бөлісу сессиялары және практикалық кеңестер ұсынылды. Ұстаздың көңіл күйі – білім…

Мастер-класс

2025 жылдың 11 сәуірінде Абай облысының Геологиялық барлау колледжінде «Колледждердегі үздік инновациялық білім беру практикасы: білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбында оқытушыларға арналған мастер-класс (тәжірибе трансляциясы) өтті. Іс-шараға Абай, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Ресей Федерациясының – Новосибирск қаласының оқу орындарының өкілдері қатысты. Мастер-класс аясында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушылары…

Студенттік форум

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Talap» КЕАҚ және Абай облысы Білім басқармасының қолдауымен Абай облысының Геологиялық барлау колледжінде «Жастар жаңа геологиялық ашылулар жолында» атты республикалық студенттік форум өтті. Форумға Абай, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстарының студенттері, сондай-ақ Сібір геофизикалық колледжінің (Ресей) командасы қатысты. Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжін 103 ТГ тобының студенттерінен тұратын «Геонавигаторлар» командасы…

«Таза Қазақстан»

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК Абай облысының әкімі Берік Уәли бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық акциясына қатысты.

Колледж туының үздік үлгісін жасауға арналған байқау

2025 жылдың наурыз айында оқу үдерісіне қатысушыларды біріктіретін колледждің бірегей стилін қалыптастыру мақсатында Колледж туының үздік үлгісін жасауға арналған байқау өткізілді. Сараптамалық комиссияның төрағасы К.М. Тулеуовтың шешімі бойынша 103 ТГ тобының студенті Төлеубеков Ақтілек Гран-при жүлдесіне ие болды. I орын 108 ТК тобының студенттері Кенджеқали Расул мен Таурбеков Азаматқа бұйырды. II орын 12 ТГ тобының…

«Геовертикаль» халықаралық кәсіби чемпионатының нәтижелері

Мәскеу геодезия және картография колледжі ұйымдастырған «Геовертикаль» көп сатылы халықаралық кәсіби чемпионаты аяқталды. Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің студенттері жоғары дайындық деңгейін, кәсіби дағдыларын және командада жұмыс істеу қабілетін көрсете отырып, өздерін білікті, ынталы және бастамашыл қатысушылар ретінде танытты. Олар тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар тамаша практикалық дайындықты, сондай-ақ таңдалған мамандықта дамуға…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Д. Болатқызы, А.Е. Серикказина, Д.Б. Кызыров 2025 жылы 11-ші сәуірде Абай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ, «М. Əуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Абай мектеп гимназиясы» КММ 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушылар құрылыс,…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылы сәуір айының 11-і күні «Геодезия, картография және кұрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары Бородулиха ауданы, Новопокровка және Белағаш ауыл мектептеріне 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында Бородулиха ауданы білім бөлімінің, «Новопокровка орта мектебі» КММ, «Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Белағаш орта мектебі» КММ оқушыларына колледжімізде оқытылатын мамандықтар туралы толық…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылы сәуір айының 10-ны күні «Геодезия, картография және кұрылыс жоғары колледжі» КМҚК мамандары Бородулиха ауданы мектептерінің, 9-11 сынып окушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында Бородулиха ауданы білім бөлімінің, «Камышенка орта мектебі» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, «Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ, «Абай…