Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

30 тамызда біз еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз. Сіздерге бейбітшілік пен жақсылық, табыс пен амандық тілейміз, әрқашан болашаққа сеніммен қарап, өмірдің әр сәтінің қуанышын сезініңіздер!   Посмотреть эту публикацию в Instagram   A post shared by Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)

«Бейбітшілік акциясы»

Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 31 жыл толып отыр. Осыған орай Семейдің Бейбітшілік аралындағы «Өлімнен де күшті» монументі орналасқан аралда дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті. Биыл да ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.   Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)

«Құрылыс» саласында тақырыптық көрме

25.08.2022 ж. “Құрылыс колледжі” КМҚК педагогтердің облыстық “Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық” атты тамыз конференциясы аясында ұйымдастырылған “Құрылыс” саласында тақырыптық көрмеге қатысты.

Республикалық тамыз форумы аясында ТжКБ педагогтерінің 3 секциялық отырысы

2022 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Оқу- ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының қатысуымен жыл сайынғы білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында ТжКБ педагогтерінің 3 секциялық отырысы өтті. Ашық отырыс жұмысының форматы мен тақырыбы көптеген өзекті мәселердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік берді.   Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)

Республикалық тамыз форумы

Павлодар қаласында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған Республикалық тамыз форумының 2 панельдік секция өтті. Секция жұмысына 1300-ден астам адам (off – line-350 адам, On – line-1000 адам) жұмыс берушілер, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КеАҚ, ҮЕҰ, «Атамекен» ҚР ӨКП қызметкерлері, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру…

«Құрылыс колледжі» қызметкерлерін Құрылысшылар мерекесімен құттықтаймыз!

«Құрылыс колледжі» қызметкерлерін Құрылысшылар мерекесімен құттықтаймыз!     Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)

Біздің колледждің Құзыреттілік орталығында кездесу өтті

2022 жылғы 11 тамызда «Құрылыс колледжі» КМҚК құзыреттілік орталығында «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша сатып алынған жабдықтармен танысу мақсатында Семей қаласының Шпайхинген (Германия) делегациялар алмасу бойынша орыс тілді тұрғындармен байланыс жөніндегі бургомистрдің кеңесшісі М.Т. Даутовпен кездесу өтті және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық үшін халықаралық меморандумға қол қойылды.

Салтанатты іс-шара

08.08.2022 күні Алматы облысы Наурызбай ауданының ардагерлер кеңесі бастаған өнерпаз ардагерлер қаламызға арнайы Абай облысының құрылуына мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өткізді. Қарттарым қазынам деп, біздің колледжде концерттік бағдарламаны көріп, көз айым болып қайтты.