Экскурсия

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін біздің колледжге Семей қаласы №19 орта мектебінің болашақ талапкерлері қонаққа келді! Балалар біздің шеберханалардағы сабақтардың өту барысын өз көздерімен көріп, тамашалады. Колледж шеберлері және оқытушыларымен танысты. Сұранысқа ие құрылыс мамандықтары, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Олардың мамандықтарға деген оң көзқарастары мен қызығушылықтары қойылған сұрақтарынан-ақ көрініп тұрды. Ұйымдастырылған экскурсияның оқушыларға…

Абай музейіне экскурсия

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 14 ТГ топ студенттері мен жетекшісі А.Б. Байгулакова ұлттық рухты тәрбиелеу, тарихи мәдени мұраларды насихаттау, Абай Құнанбайұлының мұрасымен танысу мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында музей қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы маңызды ақпараттар берді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Абдрахманова М.Б., Искакова Г.К. 2025 жылы сәуір айының 4-і күні Семей қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беріп, оларды оқуға шақырды. Кездесу барысында оқушыларға құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың маңыздылығы, олардың еңбек нарығындағы сұранысы мен болашақ мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Шалова К.К., Оразханова Б.Ғ., Сембеков Д.О. 2025 жылы сәуір айының 3-і күні Семей қаласындағы №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беріп, оларды оқуға шақырды. Кездесу барысында оқушыларға құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың маңыздылығы, олардың еңбек нарығындағы сұранысы мен болашақ мүмкіндіктері туралы…

«JASSKILLS ABAI 2025»

2025 жылдың 3 сәуірінде WorldSkills стандарттары бойынша «JASSKILLS ABAI 2025» атты алғашқы аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионатқа қала оқушылары қатысып, онда олар «Слесарь ісі» және «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттіліктері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Бұл конкурс оқушыларға өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуге, білімдерін жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мансапқа дайындалуға тамаша мүмкіндік болды. Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің техникалық шеберліктерін көрсетіп,…

Халықаралық ғылыми конференция

2025 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті студенттер мен жас ғалымдар арасында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізді. Конференцияға «Геодезия және үлкен деректер: тұрақты дамудың цифрлық шешімдері» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары Ж.Ж. Тұрғазы мен И.Т. Төлеубек қатысып, І және II орындарды иеленді. Бұл олардың Геодезия саласындағы…

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

19.03.2025 жылы Семей қаласының Alikhan Bokeikhan University базасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған колледждер мен университеттердің білім алушылары арасында «Ғылымның заманауи парадигмалары: өткен тәжірибе және болашаққа бағдар» атты XVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Жаһандану және цифрлық трансформация жағдайындағы жеке құқық» секциясына 1 курс, 12 ТГ тобының студенті Алмасұлы Ислам қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми…

«Бос орындар жәрмеңкесі»

Біздің колледжде «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Бұл шарада студенттер жетекші кәсіпорындардың және ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, бос жұмыс орындарымен танысып, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаттары: – Студенттерге жұмысқа орналасуға және өндірістік тәжірибеден өтуге көмек көрсету. – Колледж бен кәсіпорындар арасындағы байланыстарды нығайту. – Студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру және олардың мансаптық…