«Мұқағали Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда поэмасы» тақырыбында облыстық онлайн ашық сабақ

2019 жылғы 15 наурыз күні колледж оқытушысы Ж.М. Қалиасқарованың қазақ әдебиеті пәнінен «Мұқағали Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда поэмасы» тақырыбында С-12 тобымен  облыстық онлайн ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледж директоры, орынбасары, әдіскер, бірлестік жетекшілері,  колледж оқытушылары және облыстың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушылары қатысты. Сабақты талдау нәтижесінде бір ауыздан…

Республикалық семинар-тренинг

Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жастар рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында өткен республикалық семинар-тренинг конференциясына «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері қатысып қайтты.

Анталиядағы Туризм Академиясының өкілдерімен кездесу

13 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК қабырғасында Анталиядағы Туризм Академиясының ректоры Зафер Биккеноглу және Халықаралық серіктестік бойынша проректор Клавдия Жежеря мен кездесу өтті. Бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар берілді.

Самбодан республикалық чемпионат

КСРО-ға және Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы Т.М. Досмұхамбетовтың 70 жас мерейтойына арналған, самбо күресінен 1999-2000 жылы туған жастар (ұлдар, қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 52 кг салмақ дәрежесінде «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Ахметбекова Жансая 2-ші орын иеленіп колледж мәртебесін асқақтатты.

«Әйел – ана, әйел – ару, әйел – гүл»

Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында 2019 жылғы 7 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК мерекелік іс-шара атап өткізілді. Көктемнің шуақты күнінде көтеріңкі көңіл күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды көпшілік назарына ұсынып, колледж директоры көп балалы аналарға бағалы сыйлықтар табыстай отырып, қыз келіншектерді төл мерекелерімен құттықтады.

Өмірге риза болып, Алғыс айт!

Алғыс айту күнімен «Құрылыс колледжі» КМҚК ұжымын колледждің жас қызметкерлері мен студенттері таңғы көтеріңкі көңіл күй сыйлап, смайликтер беріп, құттықтаулар жасады. Әр кезде де дидарларыңыздан күлкі кетпесін. Бірлескен ұжымның бірлігі жарассын.  Мүмкіндігінше жақсы сөз айтудан жалықпай, бір-бірімізден жан жылуымызды аямайық!

«Ел ертеңі – білімді жастар» зияткерлік сайысы

26 ақпан күні Қазақстан инновациялық университетінің «Жастар жылы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, қалалық колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Ел ертеңі – білімді жастар» зияткерлік сайыс өткізілді. Экономика пәнінің мұғалімі Омарова Назерке Манарбековнаның жетекшілігімен «Құрылыс колледжі» КМКҚ студенттері жүлделі III орын иеленді. Сайыс жеңімпаздары мадақтамамен парапатталды. “Шабыт” командасын жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс және алдағы жеңістер тілейміз!

«I am a Singer» облыстық фестивалі

Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы «ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы» КММ 2019 жылғы 25 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттерінің арасында «I am a Singer» атты облыстық фестивалін өткізді. Фестиваль қорытындысы бойынша «Құрылыс колледжі» КМҚК…

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты эстафеталық жарыс

2019 жылғы 20 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты жатақхана студенттерінің арасында эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ алғыс хаттармен және дипломдармен қолдау көрсетсе, «Құрылыс колледжі»  КМҚК жүлделі сыйлықтармен марапаттады.

«Тіл-Парасат» қалалық байқауы

Ағымдағы  жылдың 18-ші ақпанында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіріп,дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында мемлекеттік тілді жоғарғы деңгейде меңгерген этнос жастары арасында «Тіл-Парасат» атты  қалалық байқауы өткізілді. Байқауға қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасы тіл,әдебиет, педагогика салаларының мамандары, зиялы қауым және…