Облыстық «Спектр» газетіндегі мақала

Облыстық «Спектр» газетінің 2022 жылғы 07 желтоқсандағы №43 санында «Білім» айдарымен «Поборемся за лучшее» мақаласында «WorldSkills» халықаралық чемпионатын өткізудің нәтижелері мен болашағы туралы жарияланды.

Республикалық кәсіптік шеберлік байқауы

Қарағанды қаласында өтіп жатқан құрылыс саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы республикалық кәсіптік шеберлік байқауына Абай облысы білім басқармасы КМҚК «Құрылыс колледжінен» арнайы пән оқытушылары Е.А. Қойшыбаев және Скакова А.Н. қатысуда. Сіздерге сәттілік пен жетістік тілейміз!

Жас педагогтер мектебінің отырысы

ЖПМ жоспарына сай «Оқытушының жаңашылдық қызметі жайлы түсінік» тақырыбында жас педагогтер мектебінің отырысы өтті. Іс-шара барысында жас мамандар рефлексия, инновациялық қызмет және оның ерекшеліктері туралы ақпараттар алды. Топ-топқа бөлініп «инновация» деген сөзге синоним тауып, ой бөлісіп, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы отырыстарын қорытындылады. https://semstroy.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/Video-6.mp4

Кәсіптік білім беруді трансформациялаудың басты шарты – цифрлық технологиялар

Ел басы жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі білім беру менеджментін трансформациялау және педагогтардың деңгейін арттыру. Колледждегі оқыту-әдістемелік үрдісі компьютер және ақпараттық технологиялар негізінде білім алушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің шығармащылық әлеуетінің артуына жол ашады. Цифрлық технологиялар – зерттелетін құбылыстардың, объектілердің, үдерістердің тек сыртқы сипатын ғана емес,…

«WorldSkills Competition 2022 Special Edition»

Колледж ұжымы мен студенттері «WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионатының жеңімпазы – Сарсембаев Диасты «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Competition 2022 Special Edition» халықаралық чемпионатына кірпіш қалау бойынша бас сарапшы – Мекишев Асқар Нәбиұлымен бірге салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырды. Диасқа халықаралық чемпионатта сәттілік пен жеңіс тілейміз!