«Желтоқсан – Тәуелсіздік рухы» тәрбие сағаты

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова және А.С. Шыныбаева «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай жатақхана студенттеріне «Желтоқсан – Тәуелсіздік рухы» атты тәрбие сағатын өткізді.

«Отан тарихы әдебиеттерде»

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК кітапханасында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында С.Т. Касымованың ұйымдастыруымен «Отан тарихы әдебиеттерде» атты оқырман конференциясы өтті. Аталған конференцияға 103 ТГ тобының студенттері мен жетекшісі Ж.Ж. Тұрғазы қатысты. Конференция барысында Жеңісхан Есболат пен Баисейітов Мерхат Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік…

Ашық сабақ

2024 жылдың 5 желтоқсанында арнайы пәндер оқытушысы Н.С. Ибраимова «Геодезия және картография» мамандығы «Техник-геодезист» біліктілігінде оқитын 1 курс 103 ТГ тобымен «ОН 1.2. Топографиялық карталар бойынша есептерді шешу және геодезиялық өлшеулерді орындау» оқу нәтижесі бойынша «Зертханалық жұмыс – 11. Вертикаль бұрыштарды өлшеу, нөлдік орны мен көлбеу бұрышын анықтау» тақырыбында колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді. Зертханалық…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылы желтоқсан айының 5-і күні Семей қаласының «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ-де кәсіптік бағдар беру күні өтті. «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның арнайы пән оқытушысы А.О.Садвакасова, өндірістік оқыту шебері Е.К.Калиев және колледж студенттері мектептің 9-11 сынып оқушыларына мамандық туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар арнайы құралдармен таныстырып, олармен жұмыс істеу реттілігін…

«Қиын оқушылармен жұмыс»

Директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А.С. Нургожанова «Қиын оқушылармен жұмыс» тақырыбында өндірістік оқыту шеберлерімен кездесу өткізді. Кездесуде оқуда қиындықтары бар студенттермен өзара әрекеттесудегі қазіргі тәсілдер талқыланды. Сонымен қатар қолдау ортасын құруға көмектесетін және студенттерді жетістікке ынталандыратын стратегиялар қарастырылды. Талқыланған негізгі мәселелер: – Қиын оқушылармен жұмыс істеудің психологиялық аспектілері; – Мотивацияның тиімді әдістері; – Оқытудағы…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 29 қарашасында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары Умирзаков Ардак Куанышович және Жадаева Гульмира Амировна «№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен «Мектеп және ЖОО: ынтымақтастық тәжірибесі» атты семинарға қатысып, кәсіби бағыт-бағдар беріп қайтты.

Ынтымақтастық туралы меморандум

2024 жылы қараша айының 25-сі күні «Prosystems Energy» (Просистемс Энерджи) ЖШС директоры Баймагамбетов Нурболды Жолдасбековичпен кездесу ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және геодезия саласында барлық аспектілер бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.