5 маусым – Республикалық референдум
5 маусым – Республикалық референдум. #Әркімніңдауысымаңызды #Важенголоскаждого
5 маусым – Республикалық референдум. #Әркімніңдауысымаңызды #Важенголоскаждого
«Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері «ХХІ ғасырдағы ғылым мен жастар» тақырыбында студенттердің оқу-зерттеу және жобалау жұмыстарының қашықтықтан мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Студенттердің жұмыс орындарын, мамандығы бойынша жұмысын, тұрмыстық жағдайларын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, күнделіктер мен есептілікті жүргізуді тексеру мақсатында «Фирма «Азия» ЖШС ТҚБ зауыты филиалы және «Семей механикалық зауыты» ЖШС насандарына бару ұйымдастырылды. Бұл нысандарда С-33 «Бетоншы-арматуршы», С-22 «Электргазымен дәнекерлеуші», 21 ДС «Жол жұмысшысы» топтары жұмыс істейді. Кәсіпорындар тарапынан ескертулер жоқ. С-22 тобының студенттері – Қозыбаев С.…
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті суға түсу ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы Н.Б. Балтабеков мамыр айында Абай облысы, Абай ауданы, Саржал және Знаменка ауылының орта білім беретін мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, 9 және 11 сыныптан кейін кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша талапкерлерді тегін оқуға қабылдайтыны туралы ақпарат берді. Тас қалау, әрлеу, слесарь-сантехник, дәнекерлеу ісіне арналған шеберханалар озық заманауи технологиямен жабдықталған станоктармен…
«Құрылыс колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Е.А. Койшыбаев Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «Didaktika» журналында өз тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік материалын жариялады.
Қалалық әкімдікте Құрылыс колледжінің студенті Данил Кондратенконың салтанатты марапаттау рәсімі өтті, ол 1 мамырда Ертісте оқыс оқиға болып, суға батып бара жатқан баланы құтқарды. Жас батырды онлайн режимде ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули құттықтады.
Біздің колледждің сайтына «Білім» («Оқу-өндірістік жұмыс») бөліміне «Сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырмалары қосылды.
«Құрылыс колледжі» КМҚК-да оқытушылар арасында Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Т.Ж. Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Қазақтын текті қыраны – Талғат Бигелдинов» тақырыбындағы колледжшілік конференция өтті.