«Азат елдің аспаны» челленджі

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова мен А.С. Шыныбаева жатақхана студенттерімен бірге «Азат елдің аспаны» челленджі аясында «Тәуелсіздігім – мақтанышым» атты викториналық сұрақтар ойынын ұйымдастырды.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

2024 жылы желтоқсан айының 9-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова және А.С.  Шыныбаева колледж психологы А. Алтайқызымен бірлесе отырып республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында №2 жатақхана студенттеріне «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында әңгімелесу жүргізді.

Ашық сабақ

10 желтоқсан 2024 жылы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы Батырханова Д.П. «Қазақстан мәдениеті қазіргі кезеңде» тақырыбында 12 – Техник-геодезист (1 курс) тобына ашық колледждік оқу сабағын өткізді. Оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттар мен жанрларды сипаттау. Сабақтағы бағалау критерийлері (Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттар мен жанрлардың ерекшеліктерін айқындайды, Қазақстан мәдениетінің халықаралық деңгейде…

Колледжішілік олимпиада

2024 жылдың 9-шы желтоқсаны күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары А.М. Рымбекова мен Б.Ғ. Оразханова «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігі» апталығы аясында 1-курс студенттері арасындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен колледжішілік олимпиада өткізді. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: І кезең: Тест сұрақтары. ІІ кезең: Эссе. Тақырыбы: «Мен таңдаған мамандықтың болашағы». Олимпиада қорытындысы бойынша: І орын 15 ТГ…

Профилактикалық әңгімелесу

2024 жылы желтоқсан айының 10-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да Семей қаласы прокуратурасының аға бөлім прокуроры Сәкенов Аман Төлегенұлы және наркология бөлімінің нарколог-дәрігері Абулхасенова Зульфия Рафиковна колледж студенттеріне «Есірткі қылмысы мен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Ашық сабақ

2024 жылы желтоқсан айының 9-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК өндірістік-оқу шебері Богасбаев Еркебұлан Ниязбекович С-22 топ студенттеріне «Электр жоғасын дәнекерлеу және кесу» пәні бойынша «Пластиналарды біріктіріп тік жағдайда дәнекерлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізі мақсаты қауіпсіздік және техникалық ережелерді қатаң сақтай отырып, студенттерге тиімді дәнекерлеу әдістерін меңгерту. Сабақ барысында студенттер…

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер апталығы

09.12.2024 жылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тарих пен тіл ұлттың ұлы мұрасы» атты пән апталығының ашылуы өтті. Апталық аясында ұлттық көрме ұйымдастырылып, оқытушылар мен білім алушылардың арасында «Сұрақтар әлемі», «Рәміздер мен тұлғалар сәйкестігі», «Бес асық», «Ақиқат немесе жалған» ойындары өткізілді.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

Абай облысы білім басқармасы «Облыстык инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сейкес 6 желтоқсан күні «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Фестивальдің мақсаты – педагогтердің, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс оқу орындарының басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және…