Абай облысы білім басқармасының кеңейтілген алқасы

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Абай облысы Білім басқармасының кеңейтілген алқа жұмысы аясында тәжірибелік бөлімде «Құрылыс колледжі» КМҚК базасында құрылыс профилі бойынша құзіреттілік орталығының ұйымдастыру жұмысы көрсетілді. Құзіреттілік орталығы – оқу үдерісінің материалдық-техникалық және әдістемелік алаңы болып табылады. Алқа қатысушылары мен қонақтарына «Сылақшы» біліктілігіне арналған демонстрациялық емтихан элементтері, «Кірпіш қалау» біліктілігінің конкурстық модулін әзірлеу және енгізу…

Диалогтік алаңы

Семей қаласының «Отбасы орталығы» ҚҚ Абай атындағы кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, Абай облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Біз қандаймыз?», «Героизмдікке не жатады?» жастардың кезекті диалогтік алаңын өткізді. Құрылыс колледжінің студенті Данил Кондратенко диалогктік алаңға қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы қаңтар айының 26-сы күні №38  жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Құрметті  талапкерлер! Біздің оқу ордамыздың білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие. Сізді білім, ғылым және шығармашылық әлеміне шақырамыз!

Талапкерлер назарына!

Құрметті жас талапкерлер! Сапалы білім алып, білікті маман иесі болғыңыз келсе, 100 жылдан астам тарихы бар «Құрылыс колледжі» КМҚК сіздерді кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша оқуға шақырады. Болашағыңыз жарқын болсын десеңіз «Құрылыс колледжін» таңдаңыз!