«Әдеби қонақ үй»

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 108 ТК тобының студенттері және жетекшісі Садвакасова Алемгул Оралхановнаның қатысуымен «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбында әдеби қонақ үй өткізілді. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырлары мен өздері шығарған өлеңдерін оқыды. «Әдеби қонақ үй» іс-шарасы өте қызықты өтті.

«Шеберлікке жол» облыстық әдістемелік воркшоп

2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы. 2025 жылғы 18 сәуірде Абай облысы Білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес, Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі базасында өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Шеберлікке жол» облыстық әдістемелік воркшоп өтті. Воркшоп өндірістік оқыту шеберлері мен оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директор орынбасарлары арасында кәсіби тәжірибе алмасудың диалогтық әрі практикалық…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары 2025 жылы сәуір айының 22-і күні Семей қаласындағы №32 жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында болашақ талапкерлерге құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың қыр-сыры, артықшылықтары мен маңыздылығы айтылып, оқуға түсу тәртібі түсіндірілді.

Өндірістік тәжірибе – кәсіби дамудың негізі

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 205 ТГ тобы мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтуде. Бұл практикадағы бір күннің көрінісі. Студенттер қазіргі заманғы геодезиялық құрылғылармен жұмыс жасап, құрылыс алаңында нақты өлшеу жүргізіп, координаталар мен белгілерді анықтауда. Практикадағы әр күн – болашақ маманның шынайы еңбекке жақындаған күні. Жауапкершілік, дәлдік пен тәртіп – геодезист мамандығының ажырамас бөлігі. Колледжіміздің…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары 2025 жылы сәуір айының 21-і күні Семей қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беріп, оларды оқуға шақырды. Кездесу барысында оқушыларға құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың маңыздылығы, олардың еңбек нарығындағы сұранысы мен болашақ мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.

«Таза Қазақстан»

2025 жылы сәуір айының 19-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-нің қызметкерлері мен студенттері Абай облысының әкімі Берік Уәли бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық акциясына қатысты.

Облыстық байқау

2025 жылы сәуір айының 18-і күні «Абай облысы білім басқармасы» ММ және «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ қолдауымен «Геодезия, картография және құрылысжоғары колледжі» КМҚК-да Абай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында алғашқы облыстық педагогикалық шеберлік байқауы өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге елеулі үлес…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

15 сәуір күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Апбасов А.Г., Касимов Р.Г., Қалымбекова М.Қ. және Оразханова Б.Ғ. Жаңасемей ауданына қарасты Озерки және Талица орта мектептерінде 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу мерзімі, әр мамандықтың маңыздылығы мен болашақтағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берілді.…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылы сәуір айының 16-ы күні «Геодезия, картография және кұрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары Жарма ауданы, Қалбатау ауылы мектептеріне 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында Жарма ауданы білім бөлімінің, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, «Георгиевка атындағы орта мектебі» КММ, «Майковский атындағы орта мектебі» КММ оқушыларына колледжімізде оқытылатын мамандықтар туралы толық акпарат…

«Atlant» тұрғын-үй кешеніне экскурсия: болашақ мамандардың көзқарасы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің төртінші курс студенттері «Atlant» заманауи тұрғын-үй кешеніне экскурсияға барды. Бұл экскурсия болашақ құрылысшылар үшін тұрғын үй құрылысы мен аумақты абаттандыру жұмысындағы озық шешімдерді көруге үлкен мүмкіндіктер берді. Құрылыс мамандары түлектерге кешен бойынша толық экскурсия жүргізіп, пәтерлердің орналасу ерекшеліктері, қолданылатын құрылыс материалдары мен технологиялары, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы орта құру…