Наурызнама онкүндігі
14 Наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі!
2025 жылы наурыз айының 11-і күні 302 ТГ және 307 ТГ топтарында демонстрациялық емтихан форматында өтетін қорытынды аттестаттау басталды. Қорытынды аттестаттау аталған форматтағы емтихан түрінде «Геодезия және картография» мамандығы бойынша алғаш рет өткізіліп отыр. Демонстрациялық емтихан – бұл геокеңістіктік технологиялар саласындағы студенттердің практикалық дағдылары мен білімдерін бағалауға мүмкіндік беретін қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан аясында…
2025 жылғы 12 наурызда «Аэрофотогеодезия» апталығы аясында оқытушылар С.Г. Самарханов пен К.К. Шалова «Тіктеуіш сызықты жобалау» байқауын өткізді, оған бірінші курс студенттері белсенді қатысты. Байқаудың мақсаты – оптикалық центрирмен жұмыс істеу бойынша білімдерін, дағдыларын және біліктерін анықтау болды. Студенттер оптикалық центрирді қолдана отырып, горизонттау және центрлеу жұмыстарын орындады.
2025 жылдың 12 наурызында «Аэрофотогеодезия» ПЦК апталығы аясында екінші курс студенттері электронды тахеометрлермен жұмыс істеу дағдыларын сынға салды. Сайыстың мақсаты – берілген сызықтарға қатысты аудан, периметр және басқа да өлшемдерді нақты, әрі жылдам анықтау. Бұл теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге мүмкіндік берді.
Мәскеу геодезия және картография колледжі өзінің 105 жылдық мерейтойын атап өтуде. Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің басты халықаралық серіктесі болып табылатын бұл оқу орны геодезия және картография саласында жоғары білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөлін дәлелдеп келеді. Осы атаулы күнге орай, колледж директоры К.М. Тулеуов пен әдіскер А.Ж. Абдыльдинова әріптестерін мерейтойымен жеке құттықтау үшін Мәскеуге…
2025 жылдың 12 наурызында арнайы пәндер оқытушысы М.Б. Абдрахманова «Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланудың артықшылықтары» тақырыбында колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді. Сабақ «Кальмар ойыны» форматында ұйымдастырылып, студенттер үшін қызықты болды. Сабақта қолданылған әдістер студенттердің белсенділігін арттырып, теориялық материалды жақсы меңгеруіне ықпал етті. Қатысушылар ЖҚЗ деректерінің экология, ауыл шаруашылығы, қала құрылысы және табиғи ресурстарды басқарудағы рөлін…
«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы М.Б. Зейтенғазинова және колледж студенттері «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен өткен «My pro» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысып, мамандықтар туралы мәлімететтер беріп, құралдармен таныстырып, олармен жұмыс істеу реттілігін көрсетіп қайтты.