Сәт

«Сәт сапар, Жас маман!»

2020 жылдың 27 ақпан күні колледжімізде «Сәт сапар, Жас маман!» атты, түлектерге салтанатты түрде, диплом табыстау кеші өткізілді. Колледж топтары түлектері, 3 жылдық еңбек жемістеріне қол жеткізді. Дипломдарды табыстау үшін колледждің әлеуметтік серіктестік жетекшілері «ТурМерСтрой» ЖШС директоры Тураров Мерхат Елюбаевич, «ПФ Жана Жол» ЖШС директоры Игрибаев Айткалы Бахтулуевич келді. Жас Мамандарға ақ жол, сәт сапар…

Менің балам Сейсенов Әлиби С-14 тобының студенті. Колледж ішілік іс-шараларға белсене қатысады. Соған орай, шет елге шығу мүмкіндігі бар ма?

Кімнен: Смаилов Жасұлан smailov-zhaslan@mail.ru Хабарлама мәтіні: Қайырлы күн, Қайрат Құлбайұлы мырза, менің балам Сейсенов Әлиби С-14 тобының студенті. Колледж ішілік іс-шараларға белсене қатысады. Түрлі жарыстарға да қатысады. Соған орай, шет елге шығу мүмкіндігі бар ма? Хатқа жауап: Құрметті, ата-ана! Сауалыңызға рахмет.Әрине, мүмкіндігі бар. «Біздің студенттер халықаралық түрлі жарыстарға қатысып,өз бақтарын Ресей, Татарстан, Венгрия, Германия, Белоруссия…

Физика және

«Физика және астрономия» пәнінен ашық сабақ

2020 жылдың 21 ақпанында «Құрылыс колледжі» КМҚК-ның физика және астрономия оқытушысы, жас маман Мадиева Ләззат Ризабекқызы С-14 тобында «Өздік индукция құбылысы. Магнит өрісінің энергиясы» атты колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасып, сабақ жоғары деңгейде өтті.

Сырттай бөлім

Сырттай бөлім студенттерінің қорытынды аттестациясы

2020 жылдың 18 ақпанында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінің студенттерін қорытынды аттестаттаудың бірінші күні өтті. Комиссия мүшелерінің пікірінше, түлектердің дайындық деңгейі мен сапасы оқу бағдарламаларының талаптарына және осы мамандықтың біліктілік сипаттамаларына сәйкес келеді.

Құндылықтарға

«Құндылықтарға негізделген білім беру» мақсатында ашық сабақ

2020 жылдың 18 ақпанында «Құндылықтарға негізделген білім беру» мақсатында «Құрылыс колледжі» КМҚК-нің информатика пәні оқытушысы, жас маман  Қабылғазин Арын Ғалымұлы М-11 тобында «MS Word редакторы туралы жалпы мәлімет, оның мүмкіндіктері, жұмыс аумағымен танысу» атты колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасып,  сабақ жоғарғы деңгейде өтті деп баға берді.

Физика

«Физика және астрономия» пәнінен ашық сабақ

2020 жылдың 17 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «физика және астрономия» пәні оқытушысы Такенова И.Т., «Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті  кедергі» тақырыбында С-11 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.

Жаратылыстану

«Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты салтанатты лездемеде

2020 жылдың 17 ақпан күні «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты салтанатты лездемеде жалпы білім беретін пәндер апталығының ашылуы  өтті. Оқытушылар  баяндама оқып, апталықтың ережелерімен таныстырды.

Сүйіспеншілік

«Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ

2020 жылдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шарасы жоспары негізінде «Құрылыс колледжі» КМҚК-да 2-курс студенттері арасында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Ашық сабақты «өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Оразымбетова Р.Д. өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері

2020 жылдың 8 ақпанында «Құрылыс колледжі» КМҚК қызметкерлері қысқы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу мақсатында, Президенттік тест тапсырды.