Дәнекерлеу ісі бойынша біліктілікті арттыру курстары

25.04 бастап 29.04.2022 жылға дейін өндірістік оқыту шебері Калиев Ерлан Калиевич және А-31 тобының білім алушысы Массалим Асылжан Ақылтайұлы «Welding Company» ЖШС-де аргон доғалық дәнекерлеу бойынша дәнекерлеу ісі саласында біліктілікті арттыру бойынша апталық теориялық және практикалық оқыту курсынан Алматы қаласының кәсіпорны база сында өтті. Бұл іс-шара WorldSkills байқауына қатысу үшін шеберлік деңгейін сапалы арттыруға мүмкіндік…

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)

Оқытушылар жетістігі

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары «Педагогика: теория және практика. Оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен облыстық жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері арасындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып дипломдармен марапатталды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Құрылысшы біздің қоғамның ең қажетті және маңызды мамандықтың бірі болып есептеледі. Колледж оқытушылары Т. Абылкасимова және Д. Мубаракова сәуір айының 22 күні Бесқарағай ауданына қарасты Жыланды, Канонерка, Қарамырза және Малая Владимировка мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. «Құрылыс колледжі» КМҚК-да тегін техникалық және кәсіптік білім берілуі және барлық мамандықтарға арналған шеберханаларда озық заманауи технологиямен жабдықталған…

Жобаға қатысу

«Құрылыс колледжі» КМҚК-ның 4-курс, 41 ПО-тобы студенті Қайыпханов А., «ШҚО ішікі саясат басқармасы» ММ қолдауымен өткен «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру шараларының кешенін іске асыру» жобасы аясында азаматтық белсенділікті дамыту, команда құру және әлеуметтік жобаларды құру бойынша мектепке қатысып сертификат иеленді.

Облыстық семинар

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологтардың жұмысы» тақырыбында өткен облыстық семинарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен колледж психологы қатысып тәжірибе алмасты.