«Мен және тәуелсіздік» тақырыбында пікірсайыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Мен және тәуелсіздік» тақырыбында пікірсайыс (дебат) өтті.  Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1 тур – «Бәйге», 2 тур – «Қасиетті жетілік», 3 тур – «Кім тапқыр?».

Кәсіби шеберлікті шыңдаған Республикалық жеңімпаздары

2022 жылдың 29-30 қараша аралығында Қарағанды техникалық құрылыс колледжі» КММ базасында өткен Қарағанды облысының білім басқармасы 07320100 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсына Абай облысы, Семей қаласы «Құрылыс колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары Койшыбаев Ерлан Айткалиевич және…

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты

Колледжіміздің директоры Тастекеев Қайрат Құлбайұлы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қоскан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының президентінің алғыс хатымен марапатталды. Колледж ұжымы атынан құттықтаймыз!

«Не? Қайда? Қашан?» сайысы

Әлеуметтік-гуманитарлық ПБ онкүндігі аясында 12.12.2022 ж. «Құрылыс колледжінде» КМҚК, Қазақстан тарихы пәнінен1 курс 11 ПГС тобында «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында сыныптан тыс ашық тарихи-танымдық сайыс өтті. Пән оқытушысы: Н.Б. Балтабеков.  Сайыс барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Топ оқушылары сайысқа белсене қатысып, тарихқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Сайыс толық өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.  …

«Үздік жастар театры – 2022» фестивалі

Семей жастар орталығы ұйымдастырумен өткен «Үздік жастар театры – 2022» фестиваліне «Құрылыс колледжі» КМҚК «Шаңырақ» театры қатысып, «Үздік әйел адам рөлін» С-21 топ студенті Қажыкенова Бақытгүл иеленді, театр студенттері және жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. https://semstroy.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/Video-2.mp4