«Құқықбұзушылық және тәртіп» тәрбие сағаты

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова мен А.С. Шыныбаева жатақхана студенттерімен «Құқықбұзушылық және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жасөспірімдердің құқықтары және міндеттерімен таныстырды. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеп, тәртіп сақтауға шақырды.

«Мамандығым – мақтанышым» байқауы

2025 жылғы 29 қаңтарда колледждің Instagram әлеуметтік парақшасында студенттердің қызығушылығын арттыру және мамандыққа деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, кәсіби білімі мен кәсіптік бағдар беру жұмысын тереңдету мақсатында «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында буклет жасауға байқауы өтті. Байқауға «Геодезия және картография» мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенттері қатысты. Студенттер қаріп, инфографика, суреттерді таңдауда дизайнға ерекше мән беріп, мамандық…

Оқу тәжірибесі

3 курс 304 ТК тобы студенттері оқу тәжірибесі барысында картографиялық процестерді орындап, заманауи технологияларды қолдану арқылы топографиялық карталарды жаңартты. Өңделген мәліметтер бойынша атластар мен каталогтарды зерттей отырып, жаңа мәліметтер арқылы CorelDraw қолданбалы бағдарламасында электронды түрде және дәстүрлі әдіспен карталарды құрастырды.

Республикалық ашық оқу сабағы

2025 жылғы 29 қаңтарда арнайы пәндер оқытушысы А.О. Садвакасова картография апталығы аясында 108 ТК тобында республикалық ашық оқу сабағын өткізді. Оқыту нәтижесі: ОН 2.1. Топографиялық түсірістерді орындау үшін пландық және биіктік негіздемесін құру. Сабақтың тақырыбы: «Координат өсімшелерін анықтау және теңестіру. Жазықтықтағы тура және кері геодезиялық есептерді қолдану». Сабаққа О. Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі, Жаңатас…

Камералдық есептеу практикасы

Техник-геодезист біліктілігі бойынша 301 топтың студенттері инженерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша камералдық есептеу практикасынан өтеді, онда олар геодезиялық ақпаратты дайындаумен және өңдеумен айналысады, онсыз әртүрлі инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану мүмкін емес.

«Дәлме-дәл» байқауы

2025 жылдың 28 қаңтарында арнайы пәндер оқытушысы Зейтенғазинова Мақпал Болатқанқызы «Картография» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы аясында 2 курс білім алушылары арасында «Дәлме-дәл» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – студенттердің алған білімдерін дұрыс қолдану қабілеттерін жетілдіру, кәсіби дағдыларын шыңдау. Байқауда студенттер Картографиялық сызу пәні бойынша білім, білік, дағдыларын көрсетті.

«Геодезия» пәнінен колледжішілік олимпиада

2025 жылдың 27-ші қаңтарында «Картография» ПЦК апталығы аясында «Геодезия» пәнінен колледжішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 2 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2025 жылдың 30-шы қаңтарында өтетін республикалық кезеңге дайындық деңгейi ең жоғары студенттерді іріктеп алу мақсатында ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: І орын – 201 ТГ тобының студенті Сибриков Егор, жетекшісі Т.Ю. Чурина; ІІ орын…

«Геопрофи» байқауы

2025 жылдың 27 қаңтарында арнайы пәндер оқытушысы Төлеубек Индира Төлеубекқызы «Картография» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы аясында 1 курс білім алушылары арасында «Геопрофи» байқауын өткізді. Іс-шараның мақсаты – география пәні бойынша алған білімдерін көрсету, кәсіби дағдыларын арттыру және оларды үздік маман болуға ынталандыру.

Грантқа бос орындар бар!

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК келесі мамандықтар мен біліктіліктер бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындардың бар екендігі туралы хабарлайды: • Мамандығы 07310200 «Геодезия және картография», біліктілігі 4S07310202 «Техник-аэрофотогеодезист» (17 ТА тобында бір бос орын, 1 курс, негізгі орта білім базасында, грант, оқу түрі – күндізгі, оқыту тілі – мемлекеттік); • Мамандығы 07310200…