«Ғаламтордың зияны мен пайдасы»

«Құрылыс колледжінің» КМҚК «Зият» дебат клубы «Ғаламтордың зияны мен пайдасы» тақырыбында колледжшілік пікірсайыс турнирін өткізді. Білім алушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени-рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор. Білім алушылар жақтаушы, даттаушы тобы болып өз ойларын ортаға салды. Дебатқа қатысушылар мен төрешілер өз ұсыныстарын, пікірлерін білдірді. Студенттер белсене қатысып, өз…

14 наурыз – Көрісу күні

Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл – көненің желісі еді. «Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп, Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп. Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп, Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.

Құзыреттілік орталығында әлеуметтік серіктестермен кездесу

2022 жылғы 11 наурызда «Құрылыс колледжі» КМҚК-ның «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша, сондай-ақ қамқорлық туралы меморандум жоспары бойынша әлеуметтік серіктестермен одан әрі ынтымақтастық жасау үшін құрылыс саласы бойынша жаңа жабдықтармен танысу мақсатында кездесу өтті.

«Дін және жастар» тақырыбында кездесу

2022 ж. 10-наурызда Дін мәселелер зерттеу орталығының психологі Сембаева Арайлым мен теолог Тұрсынғалиев Қанат Мұратбекұлы студенттермен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында психолог дәстүрлі және дәстүрлі емес дін және т.б. діни жолдар туралы түсіндіріп өтті. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына жауаптарын алды.

«Аяулы, асыл жандар» мерекелік кеші

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне колледжімізде 5 наурыз күні «Аяулы, асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште колледж директоры К.К. Тастекеев құттықтау сөз сөйлеп, қала әкімінің марапаттарын табыстады.

Оқу-өндірістік оқыту сапасының мониторингі

Мониторинг качества учебно-производственного обучения по группам С-22, М-21  Данный мониторинг позволяет получить: объективную динамику образования обучающихся группы за определенный период обучения; возможность постоянно корректировать свою работу, исходя из анализа мониторинга; возможность знать и влиять на сильные и слабые стороны обучающегося и группы в целом;  систематический контроль над качеством знаний, полученных обучающимися с учетом индивидуальных возможностей…

«My pro» мамандықтар фестивалі

«Құрылыс колледжі» КМҚК-да бір апта бойы «My pro» мамандықтар фестивалі өтті. Бұл фестивальға қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Болашақ талапкерлер колледж шеберханаларна саяхат жасап, жаңа заман талабына сай құрылыс саласына қажетті заманауи технологиямен оқытуға қолданылатын жабдықтармен танысты. Қызығушылық білдірген оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, оқуға деген тілектерін білдірді.