Құрылысшы мен геодезист – жер мен көктің өлшеусіз еңбектестері

Құрылыстың әр кірпіші – геодезисттің дәлдігі мен құрылысшының шеберлігінің жемісі. Бірі – жердің тамырын тыңдап, әр нүктені миллиметр дәлдікпен белгілесе, екіншісі – сол өлшеммен болашақ ғимараттың іргесін қалайды. Геодезист – жобаның көзі мен құлағы. Ол жердің рельефін, координатасын, бұрышын өлшейді. Ал құрылысшы – сол есептерге жан бітіріп, сызбаларды шындыққа айналдырады. Бұл екі мамандық – бір-бірінен…

Құрылыс – ұлт дамуының іргетасы!

Бүгінгі қала, жол, мектеп, аурухана – барлығы құрылысшылардың маңдай терінің нәтижесі. Құрылыс мамандықтары – тек физикалық еңбек емес, бұл – инженерлік ой, технология, заманауи шешімдер мен үлкен жауапкершілік. Құрылысшы – болашақты салатын маман. Бүгінде бұл сала үнемі жаңарып, автоматтандырылып, жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Құрметті жастар! Егер нақты нәтижені көріп, елге үлес қосқың келсе…

Геодезия, картография және құрылыс – тек ер азаматтардың саласы емес!

Бұл – арманы асқақ, жүрегі батыл арулардың да таңдауы. Құрылыс алаңында қазық қағып, карта сызығын түзу – нәзік жанның қолынан келмейді деу – ескі ұғым. Біздің колледжде бойжеткендер тек білім алып қана қоймай, кәсібінің хас шебері атануға талпынып жүр. Олар – болашақтың сәулетшісі, инженері, шынайы маман болуға бір қадам жақын.

«Бізді кітап табыстырды»

Облыстық Абай кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханашысы Э.С. Ахметова 14 ТГ тобы студенттерімен «Бізді кітап табыстырды» атты фото конкурс ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер кітаптың көмегімен жаңа достар тауып, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі.

Республикалық кәсіби шеберлік байқауы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде құрылыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсына дайындық қызу жүргізілуде! Қатысушылар үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындары дайындалып жатыр! Әрбір деталь, әрбір құрал – педагогтердің кәсіби шеберлігін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Республика бойынша ең үздік педагогтер жиналып, өз білімін,…

«Құрылыс өнері – The Art of Building»

«Құрылыс өнері – The Art of Building» халықаралық фестиваліне шақырамыз! Құрметті достар! 2025 жылы мамырдың 27-сі күні еліміздің құрылыс саласындағы білім мен шеберліктің алтын ордасына айналған Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде халықаралық деңгейдегі маңызды шара өтпек. Бұл – «Құрылыс өнері – The Art of Building» атты құрылыс мамандықтарына арналған ерекше фестиваль. Жұмысшы мамандықтар жылының…

Колледжіміздің түлегі

Құрылыс саласының түлектері сұранысқа ие! Сен де болашағы бар маман болғың келсе – дұрыс жолды таңда! Білімің – болашағыңның іргетасы. Жоғары жалақы, тұрақты жұмыс, дамуға мүмкіндік – осының бәрі құрылыс саласында!

Колледжіміздің түлегі

Болашағың – нақты қолда! Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі – бұл тек білім ғана емес, нақты нәтиже! Біздің түлектер: – Сұранысқа ие мамандық иелері – Мемлекеттік және жеке құрылыс мекемелерінде жұмыс істейді – Жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатыр – Еліміздің дамуына үлес қосып жүр! Статистикаға сүйенсек, түлектеріміздің 90%-дан астамы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан!…

«Құрылыс өнері – The Art of Building»

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі «Құрылыс өнері – The Art of Building» халықаралық құрылыс мамандықтары фестиваліне шақырады! Өтетін күні: 2025 жылы 27 мамыр. Басталуы: сағат 10:00-де. Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК, Парковая көшесі, 1.

2025 – Жұмысшы мамандықтарының жылы!

Құрылыс – тек кірпіш пен бетон емес, бұл – болашақты қалыптастыру. Әрбір қабырғада, әрбір шегеде – еңбек, тер, кәсібилік жатыр. Құрылысшы – арманға іргетас қалаушы! Мамандық таңдау – өмірлік жолды таңдау. Егер сен де қолыңмен ел тұрғызғың келсе – колледж сені күтеді!