Профилактикалық әңгімелесу

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Абай облысы ауданаралық сотының судьясы Самаева Татьяна Анатольевна және ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Калиев Дархан Оразбекович «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі», «Буллингтің алдын алу. Кибербуллинг» тақырыптарында профилактикалық әңгімелесу жүргізді.

«111» Бірыңғай Мемлекеттік байланыс орталығы

«Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» бойынша «111» Бірыңғай Мемлекеттік байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылуына байланысты колледж психологы Аяжан Алтайқызы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.

Мастер-класс

2025 жылдың 11 наурызында «Аэрофотогеодезия» ПЦК апталығының аясында арнайы пәндер оқытушылары Д.К. Сагимбаева, Р.А. Кошурбаева, М.Б. Абдрахманова әріптестері үшін мастер-класс өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Leica GPS құрылғыларының мүмкіндіктерімен танысып, оларды дала жағдайында дұрыс қолдану әдістерін меңгерді. Арнайы пәндер оқытушысы Д.К. Сагимбаева геодезиялық өлшеулердің дәлдігін арттыру, деректерді жинау және өңдеу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, оқытушылар Р.А.…

«Аэрофотогеодезия» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы басталды!

2025 жылдың 11 наурызында, колледжімізде «Аэрофотогеодезия» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы басталғанын хабарлаймыз! Бұл апталық барысында студенттер мен оқытушыларға аэрофотогеодезия саласындағы соңғы жетістіктер мен ғылыми зерттеулер таныстырылады. Алдағы бірнеше күнде сіздерді шеберлік сабақтары, ашық оқу сабақтары, байқаулар және Қазақстан Республикасының құрметті геодезистімен кездесу күтіп тұр! Бізбен бірге болыңыздар және аэрофототүсірілім әлеміне саяхатымызға қосылыңыздар!

Облыстық олимпиада

2025 жылғы 28 ақпанда Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өтті. Біздің колледждің атынан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Ж. Абдыльдинова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.М. Алпысова қатысты. Қуанышты жаңалық – Д.М. Алпысова жүлделі 3-орынға ие болды! Ұстаздарымызға алдағы уақытта…

Педагогтерді аттестаттау

2025 жылғы 5 наурызда Әдістемелік кеңес отырысы өтті, онда педагогтарды аттестаттау мәселесі қаралды. Отырыс барысында біліктілікті бағалау жүргізілді, оның ішінде: – педагогтердің материалдарын (портфолиосын) қарау; – барлық қажетті құжаттардың болуын тексеру; – біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі. Аттестаттау – білім беру сапасын арттыруға және педагогикалық қызметті жетілдіруге бағытталған педагогтердің кәсіби дамуындағы маңызды қадам.

Профилактикалық әңгімелесу

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Еспаева Гаухар Сериковна және Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Серикболсынов Равиль Дастамович «Есірткі құралдарының заңсыз айналымындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық әңгімелесу жүргізді.

«Құқық бұзушылық және тәртіп» интеллектуалдық ойыны

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде құқық бұзушылықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жатақхана студенттеріне тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылық және тәртіп» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.

Кәсіпорын басшыларымен кездесу

Студенттерді жұмысқа орналастыру және өндірістік тәжірибеден өткізу бойынша кәсіпорындармен кездесу өтті. «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша колледждің маманы Рахметуллина Ақдидар Қуанышевна кәсіпорын басшыларымен кездесті. Бұл кездесу барысында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру туралы сұрақтар талқыланды. Кездесу кәсіпорындар…