«Ең үздік әдістемелік бірлестік – 2023» колледжішілік байқауы

Мақсаты: Әдістемелік бірлестік қызметінің жұмысын жетілдіру. Педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейінің сапасын арттыру. Әдістемелік бірлестік қызметіне инновацияларды енгізу үрдісіне көмектесу. Міндеттері: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды қолдау, ізденісін ынталандыру. Колледжішілік педагогикалық инновациялар банкін құру. Әдістемелік бірлестік қызметінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату. Күтілетін нәтиже: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік қызметінің нәтижелерін талдау және…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы мамыр айының 29-і күні Семей қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. 9-11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылды. Құрметті талапкерлер, біздің колледжде сіздерді білікті оқытушылар, достық атмосфера және қызықты студенттік өмір күтеді. Құрылыс саласының қыр-сырын меңгеруге шақырамыз!  Сіздер үшін біздің есігіміз әрдайым ашық!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы мамыр айының 18-25 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ, «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ, «Мукарама атындағы орта мектебі» КММ, «Қазақстан орта мектебі» КММ, «Қаратал орта мектебі» КММ, «Ю.…