Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні

2025 жылы ақпан айының 14-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК қызметкерлеріне «Бірыңғай өрт қауіпсіздігін сақтау күні» аясында өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттен адам шығынын болдырмау және қауіпсіз әрекет ету дағдыларын үйрету мақсатында аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері айтылып, өрт шыққан кездегі тәртіп ережелері түсіндірілді.

Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні

2025 жылы ақпан айының 13-і күні өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттен адам шығынын болдырмау және қауіпсіз әрекет ету дағдыларын үйрету мақсатында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледж студенттерін тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері айтылып, өрт шыққан кездегі тәртіп ережелері түсіндірілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі оқытушылары А.Е. Серикказина мен А.О. Садвакасова Семей қаласының №44 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыс барысында 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат беріліп, бейнебаяндар көрсетілді. Сонымен қатар оқуға қабылдаудың ережелері түсіндірілді.

Медицина қызметкерлерімен кездесу

2025 жылы ақпан айының 13-і күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне медициналық қызметкерлермен кездесу өткізілді. Семей қаласының №6 аралас үлгідегі емханасының СӨС дәрігері Токенова Алма Болатовна «Энергетикалық сусындардың зияны» тақырыбында, облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Дюсембаева Асель Серикбековна «АИТВ/ЖИТС профилактикасы» тақырыбында, облыстық наркологиялық қызмет бөлімінің нарколог дәрігері Лебедева Ольга Николаевна…

Дуалдық оқыту

14 ақпан 2025 жылы колледжде оқу-өндірістік жұмысының орынбасары Нұрғожанова Арай Серықжанқызы «Дуалдық оқыту» тақырыбында өндірістік оқыту шеберлерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында теориялық оқытуды оқу орнында және практикалық даярлықты жұмыс орындарында ұштастыратын дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі мен оны енгізу мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша, практикалық сабақтарды тиімді өткізу үшін оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту, жаңа оқу…

«Элит Строй Комплект» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесу

2025 жылдың 13 ақпан күні, «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК студенттері Астана қаласының «Элит Строй Комплект» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу мақсаты – колледж студенттерін болашақта жұмысқа орналасу және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ компанияның жетістіктері мен жұмыс істейтін шарттары туралы ақпарат беру. Кездесу барысында «Элит Строй Комплект» ЖШС компаниясының өкілдері студенттерге…

«Бос орындар жәрмеңкесі»

Абай облысы Семей қаласының Мәдениет үйінде 2025 жылдың 11 ақпанында Абай облысының «Еңбекпен қамту мобильдік орталығы», «Семей қаласының Мансап орталығы» және «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараға түрлі кәсіпорындар, мекемелер мен колледж өкілдері, сондай-ақ БАҚ, еңбек инспекциялары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктер және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мүшелері…

Колледжішілік ашық оқу сабағы

2025 жылдың 11 ақпанында арнайы пәндер оқытушысы Қ.О. Өмірзақова 13 ТГ тобымен «Графика және дизайн» пәнінен «Эскиз туралы жалпы түсінік» тақырыбында колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: эскиз туралы жалпы түсінік беріп, эскиз жасаудың негізгі әдістерін түсіндіру, студенттердің шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Сабақтың барлық кезеңдерінде білім алушылардың жаңа тақырыпқа танымдық қызығушылығын арттыру стратегиялары, «Австралиялық…