Абай облысына Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді

Абай облысына Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді. Министр өңір мектептерінің жұмысымен танысып, кейін облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Министр 2019 жылы қабылданған мұғалімдердің мәртебесіне қатысты Заңды еске салды. Бүгінгі күнге дейін, Аймағамбетов атап өткендей, педагогтардың орташа жалақысы екі есеге өсті. Білім министрлігінің назары балабақшалардың жұмысына аударылды. Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов тәрбиешілердің жалақысын көтеру және жүктемені азайту…

«Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы

2022 жылғы 15 қарашада Абай облысы ББ «Құрылыс колледжі» КМҚК-да кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында колледж директоры, сондай-ақ әкімшілік пен өндірістік оқыту шеберлері кіріспе сөз сөйлеп, колледждің оқу-өндірістік шеберханалары мен құзыреттілік орталығына экскурсия жүргізді. «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынған…

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

КМҚК «Құрылыс колледжінің» әдістемелік кабинетінің қараша айының 07.11.2022 ж. – 18.11.2022 ж. аралығында колледж ішілік бақылау жоспары негізінде білім беру саласындағы ҚР заңнамасын сақтау, білім беру процесін жетілдіру, оқыту сапасын жақсарту, педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру мақсатына орай ұйымдастырылған іс-шаралар барысы.

«Бабалар үні» ауызша журналы

2022 ж. қарашаның 7 күні С-21 тобымен (кураторы – Қалиасқарова Ж.М.) «Бабалар үні» ауызша журнал өткізілді. Журнал үш бөлімнен құралды. 1 бөлім: «Бабалар арманы». 2 бөлім: «Қазақстан Республикасының құндылықтары». 3 бөлім: «Сен білесің бе?» Оқушыларға слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды.

«Топтың үздік оқырманы» байқауы

2022 ж. 11 қарашада «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында С-12 тобымен (кураторы – Болатқызы Д.) «Топтың үздік оқырманы» атты конкурс өтті. Конкурс 8 турдан құралған болатын. Әр турда 8 сұрақ. Студенттер сұрақтарға жылдам жауап беріп, соңында үздік оқырман анықталды.

Республикалық форум

Колледж директоры К.К. Тастекеев «Заманауи басшы – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі ресурсы» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларына арналған Республикалық форумға қатысты.