«Мен оқыдым, сен де оқы!»

Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің кітапханасында «Мен оқыдым, сен де оқы!» такырыбында буккроссинг ұйымдастырылды. Буккроссингке 106 ТА топ студенттері мен жетекшісі Т.Е. Аблакашева қатысты. Қондыкерова Айша, Себебкалиева Карлығаш оқыған қызықты кітаптары жайлы айтып, ойларымен бөлісті.

Мастер-класс

Ағымдағы жылдың ақпан айында «GeoID» компаниясы «Аэрофотогеодезия» мамандығы бойынша оқитын колледж студенттері үшін заманауи дрондарды қолдана отырып аэрофототүсірілім бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы аясында қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарынан жинау мен өңдеудің озық технологияларымен, ұшуды жоспарлау ерекшеліктерімен, жабдықты калибрлеумен, сондай-ақ жердің цифрлық модельдерін құру үшін аэрофотосуреттерді өңдеу әдістерімен танысты. Шеберлік сабағының тәжірибелік бөлігі дронды іске…

Профилактикалық әңгімелесу

2025 жылы ақпан айының 20-сы күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне Семей қаласы №6 аралас үлгідегі емханасының СӨС дәрігерлері Айгүл Советханқызы және Гүлмира Меруертханқызымен, Әуезов полиция бөлімінің аға лейтенанты Қанат Семейбайұлымен «Жыныстық қол сұғылмаушылық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Түрлі-түсті кеш

202 ТГ тобы студенттері мен топ жетекшісі Сагимбаева Данара Кайратовна «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» акциясы аясында «Түрлі-түсті кеш» іс-шарасын ұйымдастырды.

Семинар-тренинг

2025 жылдың 20 ақпанында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның оқытушылары Қ.О. Өмірзақова мен А.Б. Байғұлақова «Жас оқытушылар мектебі» апталығы аясында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Жас маман – жарқын болашақтың бастауы» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру.…

Мастер-класс

2025 жылғы 19 ақпан күні колледжде «Жас оқытушылар мектебі» апталығының аясында оқытушыларға арналған «Оқу өндірістік сабағында металдан орындық жасау процесі» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараны өндірістік оқыту шеберлері Б.Б. Асанов пен Е.Е. Оразгалиев жүргізді. Мастер-класс барысында оқытушылар металл өңдеу және орындық жасау технологиясымен танысып, өндірістік сабақтарды тиімді жүргізу дағдыларын меңгерді. Бұл мастер-класстың мақсаты: өндірістік оқыту сабағында…

«Геовертикаль» халықаралық кәсіби чемпионаты

2025 жылғы 12-18 ақпан аралығында «Геовертикаль» халықаралық кәсіби чемпионатының екінші кезеңі өтті. Оның аясында қатысушылар геодезия және картография бойынша тест тапсырмаларын орындады. Бұл чемпионаттың маңызды кезеңі болып табылады, себебі ол қатысушылардың теориялық білімдерін, сондай-ақ олардың алған білімдерін нақты мәселелерді шешуде қолдану қабілеттерін тексереді. Қ. Сләмбек пен И. Дайырбаев Астана қаласында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық…

Мастер-класс

2025 жылғы 18 ақпанда Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Д.О. Асылбаев пен Н.Б. Смагулова Жас оқытушылар мектебінің апталығы аясында «Төменгі қалыпта екі пластинаны дәнекерлеу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы жас педагогтарға өндірістік оқыту мен арнайы пәндерді оқыту әдістемесін терең түсіну мақсатында ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқыту сапасын арттыруға ғана емес, сонымен…